0:00 / 0:00
Тылсым тарих. Қазақ даласы небір тарихи кезеңдерді өткерді. Қазақстанның әрбір елді мекенінде, ауылдарында, қалаларында зерттеу жүргізген сайын тарихтың тағы бір парағы ашылып жатады. Себебі, әлі де кеңінен зерттелмеген, бізге беймәлім дүние жетерлік. Өлкентанушылар, археологтар, геологтар талай қорымдарды тауып, сүйіншілеп жатады. Ал Астанадан 60 шақырып жердегі Шнет ауылының тұрғындары Кенесары ханның тұсында жоғары билердің бірі болған Торпақ бидің жерленген жерін таптық деп жар салуда. Бұл жаңалыққа құзырлы орган өкілдері де бей-жай қарамай келген екен. Ауылдықтардың айтуынша, арқаның жері тарихи естеліктерге толы. Торпақ бидің осы жерде қорымы барын аталарынан естіп жүретін олар, бүгін соны дәлелдедік деп отыр.
Шнет ауылының тұрғындары шенеуніктерге хат жолдап, табылған қорымды зерттеу үшін сарапшылар келген. Тастағы жазбаларды аударған. Араб тілі мамандары, тюркологтар жұмыс жүргізген. Енді бұл жерді мемлекет қорғауына алады. 120 метр аумақты алып жатқан жер тарихи-мәдени мұра болмақшы.
Торпақ бидің басына келушілер көп екен. Жергілікті тұрғындар Шнет ауылын да киелі жерлер картасына енгізсе деп отыр.