Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОКИОДАҒЫДАЙ ИНТЕРНЕТ БОЛА МА?

c 20:54, 18/06 c 20

0:00 / 0:00

Осылайша Үкіметте интернет мәселесі талқыланып жатқанда Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 35 секунд бойы тікелей байланысқа шыға алмай әбігерге түсті. Елорданың өзінде интернет тұралап қалып жатады. Ал шалғайдағы ауылдар туралы ауыз ашудың өзі ұяттау. Шағым көп дейді үкімет басшысы.

Бектенов құзырлы органдарға республикалық және облыстық жолдардың бойын байланыспен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, цифрық даму министрлігіне интернет сапасын жақсартуға үш ай уақыт берді. Жаңадан келген цифрлық даму министріне бұл уақыт жеткілікті ме? Үлгере ме?

Бұрынғы министр Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасын Токионың интернетімен байланыстырып есте қалып еді. Алайда, экс-шенеунік қанша мақтаса да елдегі байланыс сапасы көптің көңілінен шығып отырған жоқ. Токиодағыдай сапалы интернетке жеткізе аламыз ба?

Бұған дейін мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев үкіметке жолдаған сауалында еліміздегі барлық мобильді операторлары тарифтерін 60 пайызға өсіргенін айтқан болатын. Министр тарифтің шарықтағанын мойындап отыр. Себебі операторлардың жұмысын реттей алмаймыз дейді ол.

Премьер-министр тарифтер құнын ұлғайту мәселесі операторлардың әдетке айналдырған әдісі деп сынады. Бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтерінің тарифтерін мемлекеттік реттеу алып тасталғаны белгілі. Бәсекелестік қана бас реттеуші болуға тиіс. Алайда, әзірге бұл байқалмай отыр – операторлардың барлығында бағалар шамамен бірдей деді Бектенов.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.