Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОҚАЕВ САЯСИ РЕФОРМА ЖАСАУҒА ДАЙЫН ЕКЕНІН МӘЛІМДЕДІ

c 22:51, 21/02/2022 c 441

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде саяси реформа жасауға дайын  екенін мәлімдеді. Бұл жайында Президент Ақордада елшілерге сенім грамотасын тапсыру барысында айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде саяси реформа жасауға дайын  екенін мәлімдеді. Бұл жайында Президент Ақордада елшілерге сенім грамотасын тапсыру барысында айтты. Биліктегі жаңалық жайында Әселім Қалкен толығырақ тарқатады.

Ел Президенті қаңтар трагедиясында мемлекеттік төңкеріс жасақмақшы болғандардың әрекеті сәтсіз болғанын айттты. Енді Тоқаев Жаңа Қазақстанды жасап, елде саяси реформаларды жүзеге асырмақ. Бұған билік дайын екен. Осыған дейін де хабарланғандай, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік жүйесі жаңартылады. Шекара қызметінің жұмысына  өзгеріс енеді. Республикада жаңа Ұлттық гвардия мен арнайы жасақ бөлімшелері пайда болады. ІІМ-ң де арнайы жасақтары кеңейтіледі. Ең бастысы елде екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданады. Еске сала кетейік, Тоқаев әлеуметтік қоғамдық қор құрып, қалталы азаматтардың қорға қолдау көрсетуін талап еткенді Бұл жаңашылдықтар қаралы қаңтар оқиғасынан соң қолға алынуда. Президент қаңтар оқиғасынан кейін кек алуға немесе жікшілдік жасауға ұмтылмайтынын айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Қаңтар оқиғасынан кейін мен кек алуға немесе жікшілдік жасауға ұмтылмаймын. Ел Президенті ретінде Қазақстан азаматтарының жікке бөлінуін емес, бірігуі маңызды деп санаймын. Сондықтан Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын ұсындым. Бұл құжат этносаралық келісім мен көпвекторлы сыртқы саясат сияқты айқын жетістіктерімізден бас тартпай, өткен кезеңде жіберілген әділетсіздіктерден құтылуға негізделге». 

Саясаттанушылардың айтуынша, Тоқаев реформа жайында жиі айтады. Қазақстан қалай өзгереді?  Президент халықтың табысына қатысты теңсіздікті қысқарту бойынша ауқымды реформа болатынын жариялады.Елді басқарып тұрған кезінде қоғам мен барлық саяси жүйені трансформациялауды көздеп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ата заңға сәйкес, ол елді екі мерзімнен артық басқармайды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ « Өз тарапынан менің Әкімшілігім ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырады, инвестициялық келісім-шарттарға қол сұғылмауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықпен тоқтаусыз күреседі».

Қазақстанның қазіргі жай -күйіне тоқталсақ, кәсіпкерлік дамыған ең мықты 78 елдің қатарында 75-і орында тұрмыз. Бизнесмендер монополистерден шаршады. Кәсібін дамытатын арзан кредит қолжетімсіз. Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі басты монополист «Самұрық-Қазына» қорына мемлекеттік сатып алуларға қатысты былықтар бойныша бір ай уақыт берді. Енді шағын және орта бизнес президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша үкіметтен үмітті. Шарықтаған баға саясатына қатысты да біржақты шешім шығады деген сенім бар. Себебі, қаңтар трагедиясындағы шерулер бағаның шарықтауына қатысты бастау алғаны есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.