Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

c 17:22, 14/11/2022 c 1181

0:00 / 0:00

Өкінішке орай, Қазақстанда жыл сайын 12 мыңнан астам өрт орны алып, салдарынан 400-ден астам адам қаза табады. Төтеншеліктердің ұсынып отырған статистикасы осындай. Күн суытып, жылу беру маусымы басталып та кетті. Осы мерзімде сақтық шараларын қатаң бақылауда ұстау керек дейді мамандар.

Төтеншеліктердің айтуынша, газды дұрыс пайдаланбаудың кесірінен жыл сайын 30-дан астам адам уланып көз жұмады. Ескірген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен баллондарды пайдалану жиілеп кеткен.

МАРАТ КҮЛДІКОВ - ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жылу беру кезеңіндегі күрделі мәселенің бірі – тұрмыстық газды пайдалану. Көбінесе, бір пәтерде газ баллонын дұрыс пайдаланбау және оны сақтау көрші пәтердегі адамдарға қауіп төндіреді. Тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекеттерінде толтырады. Алайда, заңға сәйкес жанармай құю бекеттерінде тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салынады, бұл газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылады»

Вице-министр жылдың 10 айындағы статистикалық деректер бойынша, жатақханаларда 22 өрт тіркеліп, 6 адам қаза тапқанын айтады. 106 мыңнан астам отбасын өрт қаупсіздігі бойынша есепке алды. Төтеншеліктер, жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударатындарын айтады. Жылдағы дәстүр бойныша, өрт қауіпсіздігіне қатысты рейдтер жүргізіліп, үйлерді аралап тұрады. Алайда, кемшілік анықталған үйлерге айыппұл салып жатқан жоқ.Тек ескертумен шектеледі. Бірақ осы ескертудің өзін елемегендер, кейін опық жеп жатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.