0:00 / 0:00
Нан болса, ән де болады. Үкімет биыл ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жиналған астық көлемі жеткілікті. Қазақстандықтар наннан тарықпайды деп сендіріп отыр. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілмек. Еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау аяқталу сатысында дейді ауыл шаруашылық министрі.Биыл 11 млн тонна бидай жиналды.
Дегенмен, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Айталық, жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл суды үнемдеп қолдануға мүмкіндік бермей отыр. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүріп жатыр. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет, - деді Премьер-министр.Сондай-ақ, Смайылов ауыл шаруашылық саласындағы технкианың әбден тозғанын айтты.
Биылғы жаз диқандар үшін оңай өтпеді. Аптап ыстық пен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін толассыз ажуған жаңбыр астық сапасын тқсіріп жіберді. Бұл егін орағын созып жіберді дейді Смайылов. Қазір элеваторларға түскен бидайдың 40%-ке жуығы ешқандай класқа жатпайды. Дегенмен қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды, – деп сендірді премьер. Үкімет нан тапшлығын өткен жылдан қалған қор есебінен шешпек. Сондай-ақ, фермерлерге қатысты әділ сатып алу бағасы белгіленді.Айыппұл салынбайды, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажетті отын көлемі бөлінді. Ал бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты Смайылов.