Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕРРОРИЗМ БАБЫ БОЙЫНША 46 КҮДІКТІ БАР

c 16:44, 27/10/2022 c 1025

0:00 / 0:00

Сенат қаралы қаңтар оқиғасына қатысқандарға қатысты "Рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады. Құжат Президенттің қол қоюына жолданды. Бұл бір реттік акция. Заң жобасына сәйкес, қаңтар трагедиясына қатысқандардың қылмыстық және ауырлығы аз және орташа қылмыстар үшін жазадан босату көзделген. Жазасын өтегендерден соттылығы алынады. Ауыр қылмыстар үшін - сот тағайындаған мерзімнің төрттен үшіне, ал аса ауыр қылмыстар жасағандардың жартысына қысқарту көзделген. Рақымшылыққа ілілкендерді жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету және іс қағаздарын жүргізу мәселелері де қарастырылған. Жалпы 1,5 мың адам рақымшылыққа ілігеді. Ал террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған, мемлекетке опасыздық жасаған, азаптау, қылмысты қайталанған немесе жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық жоқ. Прокурор 20 адам қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған дейді. Оның ішінде Қайрат Құдайбергенов те бар.

Сондай-ақ, рақымшылыққа қасақана адам өлтіргендер де кірмейді. 150-ге жуық іс қозғалды

Қаңтар көтерілісінде лаңкестік әрекет жасағандар да бар. Қазір 46 күдікті терроризм бабымен тергеліп жатыр.

Қаңтар оқиғасында қылмыс жасады деп күдікке ілінгендердің 49-ы – құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Оның ішінде қылмысты жасырғаны үшін бабымен бір адам ғана рақымшылыққа ілігеді. Ал қызмет бабын асыра пайдаланғандар және адамдарды азаптағандарға рақымшылық жасалмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.