Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЕМІР ЖОЛ ТАРИФЫ ӨЗГЕРЕДІ

c 01:23, 22/11/2023 c 111

0:00 / 0:00

Жолаушылар поездарының кешігуі жүйелі түрде орын алады. Билет тапшылығы тағы бар. Ескірген вагондар жолаушылардың көңілінен шықпай отыр. Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда 300 жолаушылар вагоны жетіспейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін 568 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Министр локомотив паркінің жалпы саны – 1 мың 880 бірлікті құраса, соның 52 пайызы тозған дейді. Өз кезегінде үкімет басшысы оттандық өндірушілер сұранысты қанағаттандыра алмай отырғанын айтты. Темір жол саласын қамтамасыз етуге шетелдік кәсіпкерді тарту көзделуде. Темір жол инфрақұрылымының 60 пайызы тозған. Бұл пойыздардың жүрісі мен теміржолдың өткізу қабілетіне кедергі келтіруде. Пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондар – мұның барлығы қалыпты жағдайға айналып барады деді Смайылов.

Ал «Қазақстан теміржолы» компаниясының басшысы теміржол тарифін өзгерту керек дейді. Сауранбаевтың пікірінше, бүгінгі тарифтік саясат Кеңес дәуірінде құрылған. Яғни бір өнімнен басқа өнімді алып, субсидиялау. Енді бұл жүйеде жұмыс істей беру мүмкін емес дейді ол.

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ – «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ»ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Тарифтерді біртіндеп өсіреміз. Көрші елдермен салыстырғанда бізде тариф көлемі екі есеге төмен, Алкейбір елдерден 4 есеге төмен. Бұл ретте Ресей темір жолдары сияқты компаниялардың тарифтері біздікінен екі есе жоғары болып қана қоймай, олар бір жыл ішінде екі-үш рет ақша құяды»

Сондай-ақ, ұлттық компанияның қарызы да өсіп кеткен.

Соынмен қатар, Премьер-министр шекарада жүктердің рәсімделуіне қатысты проблемалар транзит, экспорт және импорт көлеміне әсер етіп жатқанн айтты. Бұл орайда құзырлы органдарға бизнес үшін құжаттарды барынша жылдам қарап, дайындап беретін «бір терезе» жүйесін құруды тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.