0:00 / 0:00
ХХІ ғасыр Қазақстанның "алтын ғасыры" болсын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнлаған салтанатты жиында елдің даму жолындағы жетістіктерді айтты. Өз кезегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерейлі сәтте Тәуелсіздігкті нығайтуға қосқан үлесі үшін дүйім жұртқа алғысын айтты. Ел ордасында өткен салтанатты шараға Қазақстан Президенті, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мәдениет және қоғам, өнер, спорт қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Нұр-Сұлтандағы Астана-опера және балет театры келушілерге толы болды. Бұл жолы театрдың қойылымын емес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына атап өту салтанаты болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен шараға үкімет мүшелері, депутаттар төрткөз түгел келді. Мәдениет, спорт, зиялы қауым өкілдері де осы жерден табылды. Қазақстанның егемендік алғанынан бастап, 30 жылға жуық ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ХХІ ғасыр Қазақстанның "алтын ғасыры" болсын деген тілегін жеткізді. Назарбаев өзінің арманымен де бөлісті.
Қазақстан 70 жыл бодандықта болды.Тәуелсіздік ата-баба арманы еді. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіндегі жастардың бас көтеру, талабы тәуелсіздікке бір табан жақындатты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму жолындағы жетістіктерді айта келе, қолға алынып жатқан реформалар жалғасын табады деді. Елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан әр сала мамандарына тоқталып, барша жұртқа алғысын білдірді. Ұстаздар, дәрігерлер, әскерилер, құтқарушылар, құрылысшы, кеншілер, диқандар мен шопандардың, спортшылардың елге сіңірген еңбегі өлшеусіз.