0:00 / 0:00
Солтүстік Қазақстан облысында жағдай күрделеніп тұр. Облыс әкiмiнiң орынбасары Қанат Дузелбаев өңірде су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауға алынғанын хабарлап отыр. Облыстың 3 ауданы мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп отыр. 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. 40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. 111 үйдің маңын су басты. Солтүстік Қазақстан облысына барлық күштік құрылымдар жұмылдырып жатыр. Өңірдегі жағдайды тексеріп қайтқан үкімет басшысы Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабаралуынша, Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, еріктілер мен сарапшыларға көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді. Алдағы 2-3 күнде тынымсыз, жұмыла жұмыс істеуге тура келеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ "Жұмысқа жеке құрам мен Ұлттық ұлан жұмылдырылды. Полк те күшейтіледі. Қорғаныс министрлігі қосылды, сондықтан күш жеткілікті болуы керек. Қазір күш біріктіруіміз керек. Алдағы 2-3 күнде ауыр зардаптардың алдын алу үшін көп жұмыс істеу керек. Ең алдымен адамдар зардап шекпеуі қажет ".
Осылайша барлығы 3000-ға жуық адам жұмылдырылды. Осы өңірде жүрген Вице-премьер Роман Скляр да жергілікті халықпен кездесіп, тасқын сумен күресті бақылауда. Скляр СҚО-дағы Заречный кентінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды. Ал Ақтөбе өңіріндегі жағдайды бақылапуда ұстап отырған Вице-премьер Серік Жұманғарин Ойыл өзені арқылы өтетін, бүгінде жарамсыз болып қалған көпірді қарап, сол жерде ҚазжолҒЗИ мамандарымен қалпына келтіру жұмыстарын тез арада бастауқажеттігін айтты. Сондай-ақ, Саралжын ауылдық округіндегі Шикұдық ауылының тұрғындарымен кездесті деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Тасқын судан зардап шеккен 10 өңірдегі төтенше жағдай жарияланғаны мәлім. Көктемнің әлегіне тап болған халық баспанасыз, малсыз, дүние-мүлкісіз қалды. Тіпті қоладрына құжатын алып үлгермегендер де бар. Судың беті қайтқан соң, қара халық қайда барып паналайды? Су жүріп жатқан аймақтарда автожолдар жабылды. ҚазАвтожолдың хабаралуынша, Республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды. Атырау, СҚО Қостанай өңірлерінде 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр жолды су басқан.