Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТӘРТІП БҰЗҒАН РЕСЕЙЛІКТЕР ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҒАРЫЛАДЫ

c 17:34, 04/10/2022 c 1081

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы түнгі клубта төбелес шығарған ресей азаматтарын Қазақстаннан шығарады. Бұл жағдай қыркүйектің 30-ы күні орын алған еді. Полиция бейнебақылау камерасының көмегімен ер азаматтардың арасында болған төбелесті көріп, қоғамдық тәртіп бұзушыларға қатысты «Ұсақ бұзақылық", "Қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келу" және "Тыныштық бұзу" бабтары бойынша әкімшілік жауапқа тарту жазасы қарастырылды. Жанжал шығарған 1992 және 1995 жылы туған ресейлік азаматтар 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Одан әрі елден шығарылады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері елге 200 мың ресейлік кіріп-шыққанын айтты. Ал 68 мың ресейлік Қазақстан азаматтығын алмақшы. Бұл ағымдағы жылдың қыркүйек айының 21 –нен бастап орын алған көрсеткіш.

Көрші Ресейден толассыз келіп жатқандар саны сәл саябырсыды. Қазір екі ел шекарасында өткен аптадағыдай кептеліс жоқ дейді министр. Ал саясаттанушылар ресейліктердің ағылып келуі ел ішінде этникалық теке-тірес тудыруы мүмкін деп сақтанады. Алайда, еліміздің бас полицейі бұл мәселе қатаң бақылауда деп отыр.

Министр Ахметжановтың айтуынша, елге кірген шетелдіктер көші-қон қызметінің бақылауында. Қазақстанның ішкі істер министрлігі заң бұзған 7 ресейлікті елден шығарған. Сондай-ақ елге ағылып жатқан ресейліктердің арасында деструктивті топтар болмауын қадағалау күшейтілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.