Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТАРИФ КӨТЕРІЛЕДІ, БАСҚА ЖОЛ ЖОҚ»

c 09:23, 27/12/2022 c 210

0:00 / 0:00

Жаңа жылда қазақстандықтарды тағы да қымбатшылық күтіп тұр. Келесі жылдың екінші жартысында әрбір өңірдегі инженерлік желілердің тозуына қарай тарифтер өседі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров инженерлік желілердің тозуын 20-30 процентке төмендету керек дейді. Бұл жайында министр Қуантыров Сенат дәлізінде өткен брифингте айтты.

Тағы да қымбатшылық орын алады. Онсыз да азық-түлік, киім-кешек, қызмет түрлеріне шарықтаған бағаны тізгіндей алмай отырғанда, жаңа жылдан бастап үкімет коммуналдық қызметке тарифті өсіруді жоспарлап отыр. Себебі республика бойынша көптеген қалада инженерлік желілердің әбден тозығы жетіп, осы көрсеткіш 80 пайызды құрап отыр. Мұны тек тариф есебінен жаңарта аламыз. Инженерлік желілердің тозуын 20-30 процентке төмендету керек дейді бас экономист. Алайда «тариф көтеріледі, басқа жол жоқ»-деп отырған Қуантыров коммуналдық қызметке тарифтің нақты қанша пайызға өсетінін ашып айтпады.

Министрдің айтуынша, үкімет әрбір қаладағы желілер мен нысандар жан-жақты зерделейтін болады. Соған қарай тарифтер де көтеріледі.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ «Мысалы, Екібастұзда тарифті 2,5 есеге көтеруге ұсыныс берілді. Әрине, ол мүмкін емес. Бірақ біз халықтың жағдайына қарай тарифті көтеру мәселесін талқылаймыз»

Негізінде тарифті көтеру бағдарламасы жеті жылға есептелген. Осы уақыттың ішінде тарифтер біртіндеп жоғарылап отырады. 2023 жылы бір бөлігі өседі. Айта кету керек, бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында "Табиғи монополиялар туралы" заңға бірқатар түзету енгізу мәселесі қаралған еді. Онда табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің еңбекақысын орташа деңгейге дейін арттыру, цифрландыру арқылы тариф белгілеу процесін барынша ашық жүргізу шаралары қамтылған. Осы құжат аясында тарифті белгілеу тәртібін де өзгерту ұсынылып отыр. Министрдің айтуныша, кәсіпорын технологиялық циклде пайдаланылатын желілер мен мүліктерді балансқа және сенімгерлік басқаруға алған жағдайда тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерте алады. Осы норма күшіне енсе, монополист тарифті жайдан-жай көтере алмайды, нақты шектеулер болады деп сендіреді министр мырза.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.