Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАРИФ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

c 08:45, 17/07/2023 c 131

0:00 / 0:00

Биыл тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі. Бұл – барынша ұстамды тариф. Онсыз коммуналдық инфрақұрылымның сапалы жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту мүмкін емес. Тариф мәселесінде біз барлық жақтың да мүдделерін ескеретін тең ортаны таба білуіміз керек. Яғни саланы дамыту қажеттілігін де, халықтың мүмкіндігін де ескеруміз керек –деді премьер-министр Үкімет отырысында. Осылайша, үкімет энергия тапшылығы, тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту үшін тарифті өсіру қажет дегенді алға тартады.

Тариф те өсті. Қымбатшылықтан көзін аша алмай отырған қазақстандықтардың қалтасы тағы да қағылды. Шілде айынан бастап коммуналдық қызмет түбіртегіндегі сома едәуір өседі. Бас экономистің есептеуінше, мысалы 60 шарты метрді құрайтын екі бөлмелі пәтер иелерінің коммуналдық қызметке төлейтін төлемі 3-4 мың теңгеге қымбаттайды.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ - ҚР ҰЭМ «Мысалы, 50-60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтердің коммуналдық қызмет төлемін алсақ. Жылуға төлейтіні 1600 теңгеге, суға 250 теңге, электр энергиясына 660 теңге, кәрізге 200 теңгеге артық төлейді. Екі бөлмелі пәтердің коммуналдық қызметінің түрбітегінде сома шамамен 3-4 мың теңгеге артады»

Премьер-министр Әлихан Смайылов болса коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруден түсетін ақша біреудің қалтасына түспейді деп жұбатады. Оның айтуынша, станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ. Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті. Енді үкімет халықтың қалтасынан коммуналдық инфрақұрылымға инвестиция құймақ. Жалпы тариф 30 пайызға өседі.

Сондай-ақ, үкіметтегілер тарифтердің өсуі тұрмысы төмен отбасылардың табысына әсер етпейді деп отыр. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мұндай отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі берілуде. Ол коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар отбасының ай сайынғы орташа жиынтық табысының 10%-нен асып кеткен жағдайда төленеді", - деп мәлімдеді Смайылов. Үкімет басшысы металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өскенін айтты. Жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кетіп жатыр. Ал кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмауда.

Экономика министрінің мәліметінше, жылумен жабдықтау саласында 27 кәсіпорын бойынша тозу деңгейі 65%-тен асады, оның ішінде 24 кәсіпорын үшін инвестициялық бағдарламалар бекітілді. Аталған салаға биыл 112 млрд теңге инвестиция құйылмақ. Электрмен жабдықтау саласында 19 кәсіпорынның 70%- тозған. Соның ішінде 16 кәсіпорынға инвестиция тартылады. Оған осы жылы 92 млрд теңге инвестиция құю жоспары бар. Желілердің жағдайы да мәз емес. Ал сумен жабдықтау саласында 15 кәсіпорынның тозу деңгейі 70%-тен асады. 13 кәсіпорынға 29,5 млрд теңге инвестиция тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.