0:00 / 0:00
Елорданың басты экологиялық проблемасына айналған Кіші Талдыкөл мәселесі әлі де талқыға салынуда. Экологтар мен қала тұрғындары биліктен Талдыкөлді қорғаштап әлек. Мамандар кіші Талдыкөл мен Талдыкөл арасында ешқандай табиғи байланыс жоқ десе, табиғат жанашырлары кіші Талдыкөлдің пайда болу тарихы тым тереңде екенін дәлелдеуде. Қаланың қақ ортасында пайда болған көлді құрғатып, құрылыс нысандарын тұрғызуды көздеген қала әкімдігін астаналықтардың бәрі бірдей қолдап отырған жоқ.
Кіші Талдыкөл мәселесі тек қала төңіргінде ғана емес, ел бойныша талқыға түсті. Жергілікті тұрғындар көлді сақтап қалуды ұсынады. Әкімдік болса бұл жердегі суды құғатып, бизнес орталығын, тұрғын үй салуды жоспарлауда. Жылдан аса дауы бітпеген мәселе бүгін тағы талқыға салынды. Соңғы кезде ату шулы көлді қызыл кітапқа енген қоқиқаздар, аққулар мекендей бастаған. Экология министрлігі Талдыкөлді құрғату заңға қайшы екенін де мәлімдегенді. Дегенмен, сот шешіміне қарамастан құрылыс компаниялары көздеген мақсатына жету үшін жолдан таяр емес.
РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВ – ЭКОЛОГ «Талдыкөлді 2020 жылдан бастап құрғату жұмысы жүріп жатыр. 40 пайызы көміліп тасталды. Әкімдік мұндай көлдер болмаған, бұл жиналған су дегенді айтады. Мынау толыққанды су қоймасы. Көлдің тұрақты мекендейтін құстары бар. Табиғи нысанды ашық түрде құртып, жойып жатыр. Экология министрлігі Талдыкөлді құрғату заң бұзушылық болып табылатын айтып жатыр. Мұны тоқтату керек».
Жергілікті билік Кіші Талдыкөл аумағында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ойын-сауық орталықтарын, қонақ үйлер салуды жоспарлап отыр. Әкімдіктің мәліметінше, аталмыш көл тартылуға жақын. Жер телімдері құрылыс компанияларына берілген. Алайда Талдыкөлді жойып, құрылыс жұмысын жүргізу қаланың Бас жоспарына да сәйкес келмейді екен.
АМАНЖОЛ ШЕКАНАЕВ «АСТАНАБАСЖОСПАР» ҒЗЖИ ЖШС ӨКІЛІ «Талдыкөл аумағында құрылыс жүргізу қаланың бас жоспарына қайшы келеді. Әу баста елорданың бас жоспарын жасаған сәулетші Кисё Курокава бұл жерді парк аймағы ретінде қалдыруды ұсынғанды. 2000 жылдары Курокаваның идеясын жүзеге асыру үшін осы аймақта экологиялық парк құруға кіріспекші болдық. Алайда ол идея жүзеге аспады»
Дегенмен, қоғам әкімдіктің жоспарына қарсы. Көлді құрғатса осы жерді мекендеп жүрген қызыл кітапқа енген құстарға обалдық жасалады. Қаланың микроклиматына да кері әсер етеді. Онымен қоса қаланың сол жағалауын су басу қаупі жоғарылайды деген пікір бар.