Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАЛАП ОРЫНДАЛА МА?

c 08:32, 05/01/2022 c 968

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім, Маңғыстаулықтар наразылық шеруіне шығып, шарықтап кеткен газ бағасын төмендетуді талап етуде. Себебі, өңірде газ бағасы 120 теңге дейін қымбаттады. Қаңтардың 2-і күні Жаңаөзеннен бастау алған митингі, қазір Ақтауда жалғасып жатыр. Наразы топ үкіметке ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес газдың құнын 50- 60 теңгеге дейін төмендетуді талап қоюда. Осыған орай, үкімет Президенттің тапсырмасымен сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шараларын қолға алып, Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев халық талабы бойынша сұйытылған мұнай газының құнын 50 теңгеге дейін төмендету мүмкіндігін емес деп отыр.

Маңғыстаулықтардың наразылығы бүкіл елді алаңдатып отыр. Қаңтардың екісінен бері Жаңаөзеннен бастау алған митингі Ақтауда және бірнеше аймақта жалғасын тауып, мыңдаған адам жиналып шарықтап кеткен газ бағасының құнын 50-60 теңгеге дейін түсіруді талап етуде. Себебі, өңірде газ бағасы 120 теңге дейін қымбаттады. Қазақстанның батыс өңіріндегі толқуларға қатысты ел Президенті пікір білдіріп, үкіметке тиісті тапсырмасын берді. Осыған орай үкімет Президенттің тапсырмасымен сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шараларды қолға алып, Маңғыстау облысының жанар-жағар май құю станцияларының иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады деген хабарлама тарады. Айта кету керек, газ бағасының шарықтауына байланысты, бәсекелестікті қорғау агенттігімен автогаз толтыру станцияларының иелеріне қатысты бағалық сөз байласу мәніне тергеу тергеу жүріп жатыр. Маңғыстаудағы наразылыққа қатысты елордада энергетика министрінің шұғыл баспасөз маслихаты өтті. Бас энергетик Мырзағалиевтің айтуынша, наразы топтың талабы бойынша газдың бағасын 50-60 теңгеге дейін төмендету мүмкін емес. Тозығы жеткен зауыт бұл сұранысты орындай алмайды дейді.

Энергетиктердің айтуынша, соңғы тұтынушыға дейін газ бағасы 95-тен 115 теңгеге дейін өзгеріп тұр. 60 теңге мөлшеріндегі бұрынғы баға енді болмайды, өйткені қазір биржадағы газ бағасы - тасымалдау мен кәсіпкердің шығындарын есепке алмағанда, литріне 70-85 теңге. Әкімдік газ бағасын реттемейді, өйткені бұл тауар бәсекелестік нарыққа жатады. Яғни бағаны нарық реттейді. Министрдің айтуынша 2023 жылы елде су жаңа газ өндіретін зауыт салынбақ.

2017 жылы Энергетика министрлігі газ тапшылығы болатыны болжаған. Бұған себеп ретінде газдың өте төмен бағасы, тұтынудың белсенді өсуі және өндірісті одан әрі дамыту мүмкіндігі болмауы. Осыған байланысты сұйытылған газ нарығын біртіндеп либерализациялау туралы шешім қабылданғанын айтты. Әзірге үкімет газ құнын литріне 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешімге қол жеткіздік деп отыр. Дегенмен, маңғыстаулықтар нақты талабы орындалмай тарамайтын сияқты. Айта кету керек, елордада өткен брифингке әу баста, энергетика министрінің орынбасары шығады деген хабарлама тараған болатын. Алайда, әлеуметтік желіде отырған журналистер, халық шулап жатқанда министр Мырзағалиев өзі шықпай ма деген талап қойған соң ба кім, білсін? Брифингтің уақыты кешкіге ауыстырылып, алаңға энергетика министрі өзі шықты.

Маңғыстау облысындағы толқуларға қатысты өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Қазір вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған комиссия өңірде жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.