0:00 / 0:00
Қазақстандық полицияның деңгейін арттыру мәселесі тұр. Қаңтар трагедиясынан соң ішкі істер органдарына деген халықтың сенімі азайды. Бұл орайда ішкі істер министрлігі қандай шара қолданбақ. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей брифинг барысында полицияға деген сенім деңгейін зерттеуді Стратегиялық жоспарлау агенттігі жүзеге асырады. Оларға арнайы әдістеме әзірленген. Ол полицияның сенім деңгейін жарты жылда бір рет жасайды. Сондықтан да қаңтар оқиғасынан кейінгі полицияға деген сенім деңгейін тек 6 айдан кейін біле аламыз деді.
Қаңтар трагедиясынан соң полицияның жұмысына наразы шағымдар легі көбейді. Жазасыздарды жазғырып, азаптаулар жүргізілді деген арыздардан көз ашпай қалдық. Әлеуметтік желі бетіндегі шағымдар, қорғаушылар араласып, арашалап алған жүздеген жағдай соның бірден- бірі себебі. Дегенмен ішкі істер органдары қаңтар оқиғасынан соң полицияға сенімнің азайғанын зерттеп, оған баға беру үшін алты ай уақыт керек деп отыр. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк полицияға деген сенімді стратегиялық жоспарлау агенттігі зерттейді дейді.
АЛЕКСЕЙ МИЛЮК – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қоғамда полицияны жаппай айыптау туралы пікірлермен келіспеймін. Қоғамда тұрақты пікір бар. Ол полиция қауіпсіздіктің кепілі екеніне сенеді. Елде қауіпсіздік болса, барлығы тұрақты болады. Елде тұрақтылық пен қауіпсіздік болса, экономика және әлеуметтік тұрғыдан тұрақтылық болатынына қаңтарда азаматтардың да көзі жетті. Халықтың полицияға деген сенімін Стратегиялық жоспарлау агенттігі жүзеге асырады. Оларға арнайы әдістеме әзірленген. Ол полицияның сенім деңгейін жарты жылда бір рет жасайды».
Ал Қазақстанда полицейлердің саны тым көп деген пікір бар. Халықтың жан басына шаққанда 100 мың азаматқа 344 тәртіп сақшысынан келеді. ІІМ 165 мың қызметкер бар. Дегенмен, саны көп полицияның жұмысында сапа аз. Ішікі сітер органдары жемқорлыққа белшеден батқан сала екенін онымен күресіп жүрген агенттік жиі жариялайды. 102 түскен шағымдар бойынша жұмыс дұрыс жүргізілмейді деген пікірлер де көп. Енді ІІМ полицияның имиджін арттырып, халыққа жақынырақ қылмақшы. Аазаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін Жапония, Корея және Синагпур елдерінің тәжірибесін енгізбек. Қалалардың криминогенді участіктерінде модульді постар жұмыс істейтін болады. Ең бастысы сыпайы полицей кейпін жасаймыз деп отыр. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицияны реформалауды тапсырғанды.