Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

c 15:13, 21/12/2021 c 1795

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні дүниеге келген 72 сәбиге 30 жылдық мерейтойға орай baby-бокстар сыйға тартылды. "Сүйінші" сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың туу туралы куәлігі салынған.«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Президенттің құттықтауында.16 және 17 желтоқсан мереке күндері Батыс Қазақстан облысында 72 сәби дүниеге келген. Бәйтерек ауданы Трекино ауылының тұрғыны Самат Лунара қос қызды аман есен өмірге әкеліп Президент сыйлығына ие болды. «Дүниеге келген балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді ХҚО қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАТ органдарына жолдады. АХАТ қызметкерлеріне туу туралы куәліктерін ресімдегені, Қазпошта қызметкерлеріне «Сүйінші»-бокстарды жеткізді. Трекин ауыл округі бойынша  көп балалылар санатындағы  86 отбасы  бар. Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.