Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДЫҢ ЖЫРЫ ҚАШАН БІТЕДІ?

c 19:34, 06/07/2023 c 197

0:00 / 0:00

Жазғы каникулын өңірлерді аралаудан бастаған депутаттар ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып жатыр. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ат басын тіреген елдімекен -Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Құланөтпес ауылы болды. Депутаттың жолсыз ауылға баруына тұрғындардың арыз-шағымы себеп болды. Құланөтпес ауылының тұрғындары бұған дейін ауылға сапалы ауыз су тартуға бөлінген бюджет қаражаты игерілмей жатыр деп шулаған болатын.

Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Құланөтпес, Нығман және Ақтүбек ауылдарының тұрғындары жол жоқ, ұялы байланыс қолжетімсіз, сапалы ауыз суға зәруміз деп шағымданып келеді. Аудан орталығынан 220 шақырым, облыстан 525 км шалғай жатқан бұл ауылдарда 355 адам тұрады. Өкінішке бұл үкіметтің Ауыл- ел бесігі бағдарламасының дұрыс жұмыс істемей жатқанын көрсетеді. Құланөтпес ауылындағы проблема тек ауыз су ғана емес. Жол сапасы да сын көтермейді. Сондай-ақ, цифрлы Қазақстанның беркесі бұл ауылға жетпеген. Яғни ұялы байланыс, интернет жоқтың қасы. Ауылдықтар малын жаятын жайылым жерге қол жеткізе алмай отыр.

Аудан әкімінің сөзінен түсінгеніміз Құланөтпес ауылына интернет биыл да жетпейтін сияқты.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері өркениет жетпеген ауылға сапалы ауыз су да тартылмаған. Осыдан екі жыл бұрын облыс бюджетінен 324 миллион теңге қаржы бөлінген. Әкімдік "Life Story Invest" ЖШС мердігерлік ұйымымен, "Казахстанские технологии" ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымымен шарт жасасады. Алайда, ауыл халқы шу шығармайынша су тарту мәселесі қолға алынбады. Құланөтпес тұрғындары облыс әкімімен кездесуде бұл мәселені қайта көтеріп, ауылға бірнеше БАҚ өкілдері барып, жария болғаннан кейін, ауылға су тарту мәселесі биыл қолға алынған еді. Бірақ тұрғындардың айтуынша, мердігерлер тендерге қатысқанда белсендідік танытқанымен, су тару жұмысын баяулатып тастаған.

Өңірге барған мәжіліс депутаты Қарқат Әбден бұл жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Ал ауылға депутат келе жатыр дегенді естіп, аудан әкімдігі, мердігер компания өкілдері түгел жинала қалғанын аңғардық.

Депутаттың айтуынша, мердігер ұйым су тарту жұмысын мерзімнен кешіктіріп жатқаны айдан анық. Себебі, маусым айынан бері 15 шақырым жердің тек 1 шақырымға жетер-жетпес бөлігі ғана қазылған. Ал су тарту жұмысына тек бір түйір техника атқарып жатыр. Мәжілісмен бұл қарқынмен қар түскенге дейін үлгермеуі де мүмкін дейді. Ал мердігер компания өкілі болса қыркүйек айнына дейін шаруаны толық тындырып, су тартып үлгереміз деп ақталды.
шум

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.