0:00 / 0:00
Судың да сұрауы бар. Еліміздің бас қаласы-Астанада су тапшылығы сезіле бастады. Шаһарда бой көтеріп жатқан заулім үйлер саны артқан сайын, тұрғындар су тапшлыығына тап болуда. Астаналықтар соңғы бір-екі айда судан таршылық көріп жүр. Бастапқыда жексенбінің кеші болса қысымы азайып, артынан мүлде тоқтап қалатын. Енді тіпті күні бойы сусыз отырып, түнде бір-екі сағатқа ғана берілетін суды зарыға күтетін болдық деп адурықты қаладағы «Роза» Тұрғын үй кешенінің тұрғындары.
Бұл елордадағы «Роза» Тұрғы үй кешенінде орын алған жағдай. Астаналықтар қара суға зар болып отыр. Қарқынмен өсіп жатқан бас қалада су тапшылығы сезіле бастады. Астана жұрты соңғы бір-екі айда судан таршылық көріп жүр. Бастапқыда жексенбінің кеші болса қысымы азайып, артынан мүлде тоқтап қалатын. Енді тіпті күні бойы сусыз отырып, түнде бір-екі сағатқа ғана берілетін суды зарыға күтетін болдық деп даурықты қаладағы «Роза» Тұрғын үй кешенінің тұрғындары. Кір-қоңымызды жуып, үйімізді тазалап үлгермейміз дейді олар.
Бұған дейін әкімдік су берілетін уақыттың кестесін жариялағанды. «Астана су арнасы» хабарламасына сәйкес, таңғы тоғыз жарымнан түскі он екіге дейін судың қысымы бәсеңдейді. Он екіден екіге дейін қайта күшейеді. Әрі қарай тәулік бойы осылай алмасып отырады. Жауапты мекеме бұл жағдай алдағы жазға дейін жалғасады деп отыр. Алайда, аталмыш үйдің тұрғындары су беру уақыты ең болмаса осы кестеге де сәйкес емес деп ашуланды.
Елордада қара суға қол жеткізе алмай отырған бұл жалғыз үй емес. Мұндай шағымдар жаңадан салынған тұрғын үй кешендерінің біразында орын алған. Қошқарбаев 60 мекен-жайындағы тұрғын үйде де ақпан айы бойы су болмай, тұрғындар әбден әбігерге түскен. Шағым түскен соң жалпы кестеге сай су Беріле бастап еді, күні кеше тағы да жағдай қайталанды дейді тұрғындар.
Ал әкімдік елордада жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылады деп сендіріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ құсап қаптап салынып жатқан үйлерді сумен қамтуға қолданыстағы сорғы-сүзгі станциясының қуаты жетпей жатыр. Жаңасы іске қосылғанымен мәселе толық шешілмейді. Сондықтан, бастамашыл топ қалада жаңа ғимараттарды салуға мораторий жариялауды талап етті.
Ал БҰҰ-ның биылғы су мәсеесіне қатысты жиынында жер бетіндегі әрбір төртінші адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғаны мәлім болды. Еуропаның өзінде 16 млн-ға жуық адам әлі де ауыз суға зәру. Су тапшылығы, құрғақшылық болашақтағы ең негізі проблемалар болатынын ғалымдар талайдан бері айтып келеді.