Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СУДЬЯЛАРҒА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ТАРАПЫНАН ҚЫСЫМ ЖАСАЛАДЫ»

c 09:51, 16/03/2023 c 121

0:00 / 0:00

Қазақстанда судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралар тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізілетін болады. Сенаторлардың айтуынша, бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал етудің өз тетіктері бар. Олар қылмыстық іс қозғамай-ақ кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқылы. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясын ала береді. Жеке өмірі жайында мәлімет жинайды. Алайда бұл судьялардың олардан қорқуына негіз болып отыр. Сол себепті, санкцияны тек бас прокурор беруі керек деп санайды депутаттар. Бүгін Сенат "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын мақұлдады.

Қазақстанда судьяларға құқық қорғау органдары тарапынан қысым жасалады. Бұл судьяның дербес шешім қабылдауына кері әсер етеді дейді депутаттар. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық азңға сенаторлар өзгеріс енгізілді. Енді судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралар тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізілетін болады. Сенаторлардың айтуынша, бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал етудің өз тетіктері бар. Олар қылмыстық іс қозғамай-ақ кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқылы. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясын ала береді. Жеке өмірі жайында мәлімет жинайды. Бұл судьяларға жасалған қысым болып отыр. Себебі судьялардың олардан қорқуына негіз болып отыр.

Жоғарғы сот өкілінің айтуынша, құқық қорғау органдары тарапынан қысым көрген судья тәуелсіз шешім қабылдай алмайды. Сол себепті санкция беруді тек бас прокурор деңгейінде шешу әділетті болар еді.

Сондай-ақ, іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге және сот жүйесін реформалауға қатысты жобада сот төрағаларын дауыс беру арқылы сайлау көзделген. Аудандық соттарды сайлаудан бастамақ. Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, аудандық сот төрағаларының сайланбалы элементін енгізу сот жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл мәселені заңгерлер қауымы, кәсіпкерлер, судьялар көптен бері көтеріп келеді. Бұл тек шалғайдағы және шағын соттарға қатысты емес. Ел Астанасы мен облыс орталықтарындағы соттарға да қатысты мәселе.Сот билігінің өзі кандидаттарды ұсынып, беделді судьяларға өзін-өзі ұсынуды сұрайды. Бұл ашықтықты арттырады және мансап жолын айқынырақ етеді дейді депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.