Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ШЫҒЫНЫН КІМ ӨТЕЙДІ?

c 14:47, 05/04 c 125

0:00 / 0:00

Жылдағы көрініс. Тасқын судың салдарын жоюға кіріскен жергілікті билік пен үкімет зардап шеккен халықтың шығынын есептеуге келгенде, үйің рәсімделмеген, малың тіркелмеген, сиырыңның сырғасы қайда? –деген мың сылтауды алға тартып, халық жоғалтқанын толық өтей алмай жатады. Ал биылғы тасқын судың беті жаман болды. Еріген қар суына мыңдаған үйлер ағып кетті. Қыруар отбасы баспанасыз қалды. Қаншама малы суға батып, өлді. Орал, Арқалық, Ақтөбе, Ұлытау облыстарына және елорда маңындағы Қоянды ауылына барып қайтқан депутаттар осының бәрін көзімен көріп келді. Олар өңілерде су тасқынына дайындықтың мүлдем болмағанына куә болдық дейді.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы су басқан Құмсай ауылында мұнай компаниясы шлюзді бітеп тастап, тасыған су ауылға қарай бұрылып кеткен. Өйткені, шлюз әдейі жабылғандай көрінді. Бұл мәселені жіті бақылауға алу қажет. Дәл осындай жағдай басқа өңірлерде де болуы ықтимал дейді депутат Толықбай.

Ал тасқын судың зардабын шеккен халықтың жоғалтқанын кім өтейді? Қазір көріп отырғанымыздай, халық өз жоғын өзі жамап жатыр. Су астында қалғандарға қазақстандықтар үкіметтің көмегін күтпей-ақ, қолдау жасауда. Киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмеккке жылу жинап, жіберіп жатыр. Әзірге судан зардап шеккендердің шығыны толық есептеліп біткен жоқ. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, әкімдіктерде төтенше жағдайларға арналған 26 млрд теңге бар.

Алайда, елде судан келген қауіптің басы қайтты деуге әлі ерте. Себебі, СҚО, Павлодар, ШҚО тұр. Алтайда қар енді ери бастады. Өзендер толып, арнасынан асуы мүмкін. Депутаттар үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған сауалында биылғы төтенше жағдай жарияланған жерлердегі шаруалардың барлық ауылшаруашылық несиелерін төлеуді үш жылға дейін шегеруді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.