Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАЛМАЙ ОТЫР

c 18:01, 21/06/2022 c 1032

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылдың шомылу мауысымы басталмай жатып суға кетіп, қаза болғандар бар. Шомылу маусымы басталғалы бері, 20 күн ішінде 36 адам суға кетті. Оның ішінде 19-ы бала. Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте суға шомылу қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
Мәтін. Жаз рахаты суға шомылу. Аптап ыстықта бала-шаға,үлкендер табиғат аясына шығып, суға шомылады. Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға түсу жанға сондай жайлы. Алайда, ыстықта жан сауғалайтын судан да қауіп де бар. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қайғылы жағдай әкеп соғады. Құтқарушылар суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережесін сақтауды айтудай-ақ, айтып, ескертіп жатады. Бірақ одан нәтиже шығарып жатқандар аз. Биылдың өзінде шомылу маусымы басталмай жатып, судың құрбаны болғандар саны 36 адамды құрап отыр.

Ал жыл басынан бері 81 адам суға кетті, оның ішінде 32-сі бала. Судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау қағидаларынан өткен жылдың шомылу кезеңінде 125 адам суға кетсе, оның 64-і бала болатын. Құтқарушылардың айтуынша,адамдар көп жағдайда жабдықталмаған жерлерде суға жүзеді немесе балаларды қараусыз қалдырады. Тиым салынған жерлерде шомылып, қауіпсіздік ережесін бұзғандарды жауапқа тарту қарастырылған.

Бүгінде республика бойынша, шомылуға рұқсат етілген 500 жуық орын анықталды. Енді әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 377 объектілік құтқару бекеті жабдықталады. Коммуналдық және жеке жағажайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 162 медициналық пункт жұмыс жасайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.