Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУБСИДИЯ БЕРУ ТАЛАБЫ ӨЗГЕРЕДІ

c 09:54, 14/12/2022 c 1502

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік субсидия бойынша қосымша міндеттер жүктеледі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәжілісте өткен жиында депутаттарға осылай деді. Министрдің айтуынша, субсидияны тиімді ету үшін мемлекеттен қолдау алатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ішкі нарық сұранысын есепке ала отырып баға тұрақтылығын сақтауы тиіс.

Жылда ауыл шаруашылығында кәсібін өрбітіп отырған шаруалар мемлекеттен субсидия алады. Алайда, ол субсидия тиімсіз жұмсалып, мүлдем басқа мақсатқа қолданған фактілер де жоқ емес. Мысалы, көкөніс өсіремін деп алған субсидияға сән салонын ашқандар да тіркелген болатын. Енді ауыл шаруашылық министрлігі субсидия беру талабын өзгертіп жатыр. Субсидияны тиімді ету үшін мемлекеттен қолдау алатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ішкі нарық сұранысын есепке ала отырып баға тұрақтылығын сақтауы тиіс. Яғни келесі жылдың көктемінен бастап субсидия алатын шаруаларға қарсы міндеттемелер енгізіледі. Депутаттар бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді шығынға батырмай ма деп алаңдайды.

Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл мәселе бойынша қазір сауда және интеграция министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр.

Сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын орташа деңгейден түсіруге жол бермеу көзделіп отыр. 5 жылда бір рет инвестиция құю міндеті талап етілмек.Инвесторға қойылатын басты талап – жобаның нәтижелігі. Осы орайда инвестициялық жобаларға субсидияның 75 пайызы бірден беріледі. Қалған 25 пайызы жоба нәтиже әкелген соң өтеледі, -дейді министр. Ал депутат Асқарбек Үйсімбаев отандық сүт өндірісінің дамуына алаңдаушылық білдірді.Оның айтуынша, Қазақстанда 3 млн тонна сүт өнімдерінің тапшылығы бар. Ал құс шаруашылығында импортқа тәуелділік 70%-ға жетті. Жұмыртқадан бастап тауықтың балапанына дейін сырттан әкелініп жатыр. Мәжілісмендер ауыл шарушалығына мемлекеттік қолдауды күшейтсек, азық-түлік импортын азайтуға мүмкіндік туады дейді. Қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттік қолдаусыз фермерлер ісін өрбіте алмайды. Сондай-ақ, министр Ербол Қарашөкеев субсидиялау процесінің электронды форматқа көшетінін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.