0:00 / 0:00
Орталық сайлау комиссиясы жаңадан тағайындалған және сайланған сенаторларды ресми тіркеді. 31 сенатор ресми тіркеуден өтіп, депутаттық куәлік табыс етілді. Еске сала кетейік, қаңтардың 14-і күні Сенат сайлауы өткен еді. Ал күні кеше Президентпен тағайындалған Сенаттың 13 депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Енді сенатта бұрынғыдай мемлекет басшысы тағайындаған 15 емес, 10 депутат отырады. Оның бесеуі Қазақстан Халқы Ассамблеясынан ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы жаңадан тағайындалған және сайланған сенаторларды ресми тіркеді. 31 сенатор ресми тіркеуден өтіп, депутаттық куәлік табыс етілді. Еске сала кетейік, қаңтардың 14-і күні Сенат сайлауы өткен еді. Ал күні кеше Президентпен тағайындалған Сенаттың 13 депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Енді сенатта бұрынғыдай мемлекет басшысы тағайындаған 15 емес, 10 депутат отырады. Оның бесеуі Қазақстан Халқы Ассамблеясынан ұсынылды.
Парламент Сенатының құрамы жаңарды. Қаңтардың 14 күні өткен сайлау нәтижесінде 20 депутат сайланғаны мәлім. Сондай-ақ, президентпен тағайындалатын сенаторар құрамында да өзгеріс бар. Кеше 13 сенатордың өкілеттігі мерзімінен тоқтатылды. Бұрынғылардан сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутат Нұртөре Жүсіп, Асқар Шәкіров және Ләззат Қалтаева қайта тағайындалды. Бұлардың қатарын бұрынғы жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов толықтырды. Ал Қазақстан Халқы Ассамблеясынан тағайындалған бес сенатды мәжілістің екі шақырылымда депутат болған Геннадий Шиповских бастап келді.Осылайша Сенатта Президенттің тағайындауымен 10 депутат отыратын болды. Орталық сайлау комиссиясында бас-аяғы сайланғаны, тағайындалғаны бар 31 су жаңа сенатор ресми тіркеуден өтіп, депутат куәлігін алып, төс белгісін тағып мәз-майрам болды. Мәжілісте жүріп, әлеуметтік желіде белсенділік танытқан Геннадий Шиповских сенатта да тиктокер-депутат ретінде жұмысын жалғыстары бермек.
Ал журналистердің арасынан шыққан сенатор Бибігүл Жексенбай жоғары палатадағы жұмысын БАҚ туралы заңға енгізілетін өзгерістерден бастамақ.
Бейсенбі күні сенаттың дәстүрлі жалпы отырысында су жаңа депутаттар ант береді деп күтілуде.