Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СУ ТАСҚЫНЫНА КІНӘЛІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН»

c 08:58, 18/04 c 73

0:00 / 0:00

Арнасынан адасып аққан судың салдарынан өмір бойы жиған-терген дүниесінен, үйінен, мал-мүлкінен, қара шаңырағынан қапыда айырылған ағайынның өтінішін жеткізген депутаттар, үкіметке бірнеше сауал жолдады. Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, жұмысына салғырт қараған мемлекеттік қызметкерлердің ешқайсысының лауазымына, тегіне қарамастан жазаға тарту керек. Өңірдегі жағдайды көріп қайтқан олар қазіргі су тасқынының бетін қайтаруы тиіс болған бөгеттер мен бөгендердің салынбауы, каналдардың ретке келтірілмеуі жылдар бойғы салғырттықтың салдары дейді. Қазақстандағы су қоймалары мен бөгеттер 50-70 жылдары салынған. 1990 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жаңа су қоймалары мүлдем салынбаған дейді депутат. Ал мәжілісмен Ерлан Сайыров су шаруашылығы саласында аудандық, облыстық деңгейде су ресурстарын басқаратын коммуналдық кәсіпорындар ашуды ұсынды. Жергілікті жерде проблема шаш-етектен.

Депутат облыс, аудан әкімшіліктеріне қосымша құзырет бере отырып, инфрақұрылым, халық шаруашылығын ұтымды реттеу үшін шаруашылық бағыттағы децентрализация қажет. Яғни әкімдер дербес шешім қабылдауы тиіс дейді. Ал бүгінгі күні әкімдер төтенше жағдайдың өзінде үкіметтен бұйрық күтіп отыратыны көпке аян. Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты дейді депутаттар.

Қазақстанда 8 өңірде төтенше жағдай жарияланған. 117 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Депутаттар су тасқынына кінәлілер жауапқа тартылсын деп отыр. Бұл орайда олар пермьер-министрдің бірініш орынбасары Роман Склярдан бастап, жауапты әкімдер отставкаға кетуі керек дейді.

Апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді. Комиссияның шығынды есептеуі әділ болуы үшін жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейді депутаттар.Ал қаржы министрлігі барлық шығын өтеледі, оған резервтегі қаржы жеткілікті деп уәде берді.

Сондай-ақ депутат Еділ Жаңбыршин үкіметке жолдаған сауалында ел тасқын судың әлегінен ес жия алмай жатқанда әуе билеттерінің шарықтап кетуі «Жығылған үстіне жұдырық» болды деді. Мәжілісмен әуе, темір жол қатынасының бағасын мұндай жағдайда қатаң бақылау алуды талап етті. Өздеріңізге мәлім, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар, бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал Атыраудан Алматыға билет бағасы 675 мың теңгеге дейін көтерілгенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.