Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СПОРТТАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ

c 12:14, 13/07/2023 c 125

0:00 / 0:00

Елімізде тамыры тереңге кеткен жемқорлық спорт саласына да жетті. Астана әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-нің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке 70 миллион теңге шығын келтірді деген күдікпен тергеліп жатыр деп,- хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.

Қазына қаржысын жеуге келгенде алдына жан салмайтын жемқорлар енді спортты дамытуға бөлінген қаражатқа ауыз салды. Қаржы мониторинг агентігінің хабарлауынша, Астана әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" мекемесінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Мекеме басшылары соңғы 3 жыл бойы шетелге, ел ішінде оқу-жаттығулар мен жарыстарды өткізуге бөлінген қаржыдан ақша жымқырып келген. Яғни шығын көзін асыра көрсетіп, қалтасын қамтитып отырған.

Бұл аздай, қазына ақшасына қол сұғушылар сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан жаттықтырушыдан да қомақ түрде пара алып отырған.

Аталған жемқорлық фактісі бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, күдіктілердің аты-жөні жарияланбайды. Себебі, күдіктілер қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.