0:00 / 0:00
Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде дабыл батырмасы бар арнайы қондырғылар орнатылды. SOS хабарламасын дереу жеткізетін жабдық қаланың адам көп жиналатын демалыс орындарына, базарлар маңына қойылды. Әкімдік пен полиция бірлесе отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамту үшін осындай IT- шешім қабылдап отыр. Sos бағамы аудио-видео түсіріліммен қамтылған. Көшеде, демалыс орындары мен жағажайда қандай да бір төтенше жағдай, қылмыс орын алса, бірден осы бағамның дабыл нүктесін басып, полициямен хабарласуға болады.
Стендап.
Осылайша, азаматтардың қауіпсіздігін қамту масқатында елорда көшелерінде SOS дабыл бағандары қойылып жатыр. Ол аудио-видео түсіріліммен қамтылған. Сондықтан хабарлама жасаған азаматтың мәліметі автоматты түрде бейнеге түсіріліп, жазылады. Бұл полицияның көмек сұраған адамға дер кезінде келуіне мүмкіндік береді. Қазіргі күні осындай 10 баған орнатылған. Дабыл бағамы Есіл өзенінің жағалауындағы көпшілік жиналатын демалыс орындарында, көшелер мен базар маңдарына және темір жол вокзалдары аумақтарына қойылған. Алдағы уақытта қаланың шетіндегі аудандар да қамтылатын болады дейді Жедел басқару орталығының басшысы. Жыл соңына дейін қалада бас-аяғы 13 дабыл бағаны орнатылмақ.
Алайда, полицей бұл жаңашылдыққа қанша қаражат жұмсалғаны жайында ашып айтпады. SOS дабыл бастырмасының орнатылғанына екі-үш күн ғана болды. Әзірге қалалықтар мұның не қызмет атқаратын біле бермейді. Қызық көріп, хабарласып жатқандар ғана тіркелген.
Қаланың бүкіл-тыныс тіршілігін алақанға салғандай бақылап отыратын жедел басқару орталығына түсетін бейнетүсірілімдерден көшеде кетіп бара жатқан адамның бет-бейнесін анық көруге болады. Көшедегі бейнекамералардың көмегімен орын алған қылмыс тез ашылып немесе қандай да бір жағдайдың болуына жол берілмейді дейді полицейлер.