0:00 / 0:00
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында мемлекет құрушы қазақ ұлтының үлесі 35 пайызды құрайды. Баспасөз маслихаты барысында журналистерді өңірді қазақыландыру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны мазалады. Әкім Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстік аймағында қазақтардың санының аздыығ алаңдатады деп отыр. Өңір басшысы қазақша балабақша, мектептер ашуды қолға алыпты.
Әкімнің айтуынша, өңірді қазақыландыру мәселесі оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударып жатқандар есебінен де шешіліп жатыр. Биыл шамамен 2560 адам Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген. Оның ішінде 235 -і қандастар. Әкімнің айтуынша, жыл сайын оңтүстік өңірден келген адамдардың 85-89 пайызы ауылдарда қоныстанып, қалып жатыр. Осылайша әкімдік шекарадағы ауылдарды қайта толтыруда.
Солтүстік Қазақстан облысында 6 аудан, 138 ауыл бар.