Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ШОШҚАҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ЖЫЛҚЫДАН 40 ЕСЕ КӨП»

c 22:50, 04/02 c 141

0:00 / 0:00

Бүгінде ауыл халқы мал бағып, жан сақтап отыр. Бірі қара малды қорек қылса, енді бірі жылқы өсіріп кәсібін өрбітуде. Ал егін егуден ауылдағылар қағылған. Мыңдаған гектар жерлерді жаулап алған ірі шаруалар егін салып тастаған. Мал жаятын жайылым жоқ. Жылқы өсіріп отырған аулыдықтар оның етін өткізе алмай әбігерге түсуде. Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаға келіп түскен шаруалардың шағымы осыған қатысты болып отыр. Қазір еліміздің солтүстік өңірлерінде жем-шөпт таусылып, далада қардың беті жаппай мұз құрсанып, жылқылар тебіндей алмай, толықтай қолға қараған, өлім-жітім көп деген ақпараттар келуде.

Ақжолдық депутаттар Үкіметтен жылқы малын аман алып қалу үшін арнайы «Жол картасын» жасауды сұрап отыр. Шаруалар бейнеттеніп өсірген жылқысын лайықты бағасына сата алмауда. Сондықтан жылқы етін мемлекеттік сатып алу тізіміне міндетті түрде енгізу қажет. Жылқыға бөлінетін субсидия көлемін арттыру керек деген ұсыныс жасалды. Себебі, үкімет жылқыдан гөрі, шошқа бағып отырғандарды көбірек қолдайды екен. Жылқыға субсидия беру мәселесін қайта қарау керек дейді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, жалпы мал шаруашылығының жағдайы бұдан бетер қиындауы мүмкін. Себебі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, енді мал шаруашылығын субсидиялау төтенше жағдай жарияланған немесе гидрометеорологиялық қызмет растаған өңірде ғана, мал азығын дайындауға теріс әсер еткен ауа райының қалыптан тыс жағдайлары болған кезде ғана беріледі. Қазыбек Иса «шаруалар субсидия алу үшін ауа-райы қашан бұзылады деп аспанға қарап отыруы қажет пе?»- деген сұрағын пермьер Смайыловқа жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.