Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шешім өзгеріссіз қалды

c 17:31, 22/05/2019 c 978

0:00 / 0:00

Өткен жылы күзде өз командирін атып өлтірген Серік Ғарифке жәбірленуші тарап соттан өмір бойы басбостандығынан шектеу жазасын сұраған болатын. 8-ші сәуірде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  оған 13 жыл басбостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда марқұм Рүстем Рақышовтың туыстары бұл шешімге қанағаттанбай облыстық соттың  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына істі қайта қару туралы өтініш берді. Бүгін  бұл істі  апелляциялық алқа қайта зерделедіСерік Ғариф ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сонымен қатар оған  жәбірленушілердің пайдасына 2,7 млн астам теңге материалдық және 4 млн теңге моральдық шығын өндіру міндеттелді.  Алайда, жәбірленуші тарап оқиға  қызмет бабындағы келеңсіздік нәтижесінде болғандықтан қылымыскерге берілген жазамен келіспейтіндерін мәлімдеді. Рүстем Рақышевтың әкесі Жасқайрат Рақышов бауыр еті баласының қарапайым болғанын және өзіне міндеттелген жүктемені жоғары жауапкершілікпен орындағанын айтып еске алады. Ал оны өлтірген қанды қол қылмыскерге бұл жаза жеңіл деп есептейді. Қос тараптың және прокурордың мәлімдемелерін тыңдаған апелияциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қорытындыға келді. Ал жәбірленуші тарап бұл шешімге әлі де қанағаттанбай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.