Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ШЕНЕУНІКТЕР БАҒАНЫ БАЗАРҒА БАРЫП КӨРСІН»

c 10:05, 05/06/2023 c 258

0:00 / 0:00

Депутаттар шенеуніктерге елдегі қымбатшылықтың шынайы көрінісін базарға барып көруге кеңес берді. Бүгін Мәжілісте Аманат партиясының фракциясы халықтың табысын арттыру бағдарламасына қатысты мәселені талқылады. Басты баяндамашы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл сәуірде жылдық инфляция 2022 жылғы 20,3%-дан 16,8%-ға дейін төмендегенімен, оны 2 есе төмендету міндеті тұрғанын жеткізді. Ал 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі еңбекақы үлесі 41,1%-ға жетеді, жалпы табыстардағы еңбек қызметінен түсетін кірістердің үлесі 86,7%-ды, жыл сайын жұмысқа орналастырылатын азаматтардың саны 480 мың адамды, күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі 5%-ды, жұмыссыздық деңгейі 4,6%, құрайтын болады деп мәлімдеді. Бұл болашақтың еншісіндегі мәселе. Депутаттар бүгінгі қымбатшылықта халықтың әл-ауқатын қалай көтереміз?- деп шулады.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасына көз салсаңыз сандар сайрап тұр. Ұлттық статистикада елдегі жұмыссыздық 4,9 пайызды, орташа жалақы 340 мың теңгені құрайды. Ал ағымдағы жылы республикада 315 мыңнан астам адам жұмысқа орналасыпты. 2029 жылға дейін үкімет 3,3 млн адамды жұмысқа орланастырмақ.

Алайда, бұл сандарға сенім жоқ дейді депутаттар. Сатистика шынайы өмірмен сәйкеспейді.

Сондай-ақ депутаттар аталған бағдарламада жаңадан құрылған жұмыс орындарының қөұрылғаны рас болса, оған тұрған азаматтардың еңбекақы көлемі көрсетілмеген деп даурықты.

Мәжілісмен Ерлан Саиров болса, қымбатшылық қысып, табысы азайған халық тіпті моншаға да сирек баратын болды деп ашуланды. Депутат шенеуніктерге халықтың әл-ауқатына және азық-түлік қымбатшылығының шынайы статистикасына көз жеткізу үшін бағаны базарға барып көруге кеңес берді.

Депутаттар соңғы 5 жылда халықтың нақты ақшалай табысының үлесі төмендегенін жарыса айтты. 2018-2022 жылдары аралығында 5 пайыздан 2,8 пайызға төмендеп кетті. Әрине, оған инфляция айтарлықтай әсер етті. Бүгінгі таңда инфляция көршілеріміз- Қырғызстанда – 14 пайыз, Өзбекстанда – 12 пайыз, Ресейде – 11 пайызды құрап отыр. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 20 пайызға шарықтады. Ішкі жалпы өнімнің өсімін инфляция жеп жатыр, - дейді олар. Осылайша қазақстандықтар тапқан табысының басым бөлігін азық-түлікке жұмсауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.