0:00 / 0:00
Шекара мәселесін реттеу керек. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде осылай деп мәлімдеді. Алты елдің басшылары бос қосқан саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері қатысты. Олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қазақстан Президенті сөзді шекарадан бастады. Тоқаев тұрақсыздыққа алып келетін фактордың бірі– реттелмей отырған отырған шекара мәселесі екенін айтты. Алайда мемлекет басшысы қай елдер жайында айтып жатқанын нақтыламады. Шыныменде мыңдаған шақырымды құрайтын шекаралар әлі дау тудырып отыр. Бұл елдер арасындағы ынтымақтастық дамуына кері әсер етуде. Кеңес Одағы тарап, тәуелсіздік алған елдер бірден шекара проблемасына тап келді. Себебі, бір одақтың астында болғанда шекараларды бөлуде географиялық, этникалық мәселелер назарға алынбады.
1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін үш елдің арасында Ферғана даласын бөлген еді. Алайда, бұл мәселе әлі күнге дейін дау тудырып отыр. Ферғана аңғарының шекарасы картада әр жылда әртүрлі көрсетілген. 1920, 1950 және 1980 жылдардағы картаны алға тартқан тарап өзіне ыңғайлысын қолданады. Әркім өз ұстанымын айтып, дауласады. Соңғы жиырма жылда Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасында территориялық дау орын алып келеді. Қазақ басшысы айтқандай шекара мәселесін бейбіт жолмен шешкен жөн. Сондай-ақ. Президент Тоқаев кейбір елдерде серіктес болып отырған мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүргеніне тоқталды.
Мемлекет басшысы дау-дамай мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе мемлекет қайраткерлердің саяси жауапкершілігіне де байланысты деді.