Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАХТАДАҒЫ ӨРТ ӘЛІ АУЫЗДЫҚТАЛҒАН ЖОҚ

c 00:43, 23/08/2023 c 94

0:00 / 0:00

"Қазақстан" шахтасындағы өрт толық ауыздықталған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов хабарлады. Өздеріңізге мәлім, тағы да кеншілердің өлімі тіркеліп отыр. Қарағанды өңіріндегі «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт тұтанды. Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды,ал сегіз кенші зардап шекті. 5 шахтердің тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бәрінің мүрдесі табылғанды.

Қарағандыдағы «Қазақстан» көмір шахтасындағы өрт әлі ауыздықталмай жатыр. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, шахтада тасымалдаушы таспадан шыққан өрт көмір қабаттарына тараған. Өрт жер бетінде емес, терең жер астында болатындықтан жұмыс қиындап жатыр. Авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде дейді Сырым Шәріпханов.

Бас құтқарушының айтуынша, шахтадағы тілсіз жауды толық ауыздықтауға 10 күн кетеді. Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні тұтанған болатын. Содан бері бес күн өтті. Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды. Сегіз кенші зардап шекті. Бес шахтердің мәйіті табылды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың хабарлауынша шахтадағы өрттен зардап шеккен шахтерлердің
жағдайы орташа ауыр. Екеуінің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, олар жақын арада ауруханадан шығады. Бүгінгі таңда улану синдромы және улану белгілері бар шахтерлер де жақсарып келеді. Қарағандыдағы шахтада орын алған апаттан соң, оқиға орнына барған үкімет басшысы Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты шахталарды соңғы 15 жылда 100-ден аса кенші қайтыс болғанын айтқанды. Қазір әлеуметтік желіде қазақстандықтар «Арселлор Митталмен» келісім шартты бұзып, шетелдік компанияның жұмысын тоқтатуды талап етіп жатыр. Ал вице-премьер меншік иесін ауыстыруға қатысты өз пікірмен бөлісті.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСЬТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Қазақстан үшін инвестордың қалтасы қалың болуы керек. Ол жалақыға, өндірісті жаңартуға ақша құйып отыруы қажет. Инвестордың ақшасы қаншалықты көп болса, соншалықты экономикаға тиімді болады. Бұл жердегі мәселені ашып айта алмаймын. Ол құпия әзірге. Қазір акционермен келіссөз әлі аяқталған жоқ»

Бүгінде Қазақстанда «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясында 50 мың азаматымыз еңбек етіп жатыр. Депутаттардың айтуынша, бұл компанияға мемлекеттік қолдау да жақсы жасалған. 2014-2015 жылдары «Арселлор Миттал Теміртауға» 50 миллион доллар көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілген. Кезінде компания шахталарды 20 пайызға тозған күйінде алса, қазір кен орындарының тозығы 70 пайызды құрап отыр. Шіріген бай Лакшми Миттал бұл компанияны 225 млн долларға алған. Ал сол кезде оның нарықтағы бағасы 5 миллиард долларды құрағанды. Оның өзінде олигарх қазақстандық комбинаттың ақшасын 4 жылдан соң ғана өтеген. Бұған Митталдың қалтасы қағылған жоқ. Ол қарызын комбинат есебінен өтеген. Ол аздай шикізатқа, электрэнергиясына және тағы басқа тариф түрлеріне жеңілдік жасалған. Ал аудиторлық есепке сүйенсек, «Арселлор Миттал Теміртаудың» күнделікті табысы миллион долларды құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.