Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ ЖОҚ»

c 12:55, 19/07/2022 c 1324

0:00 / 0:00

Шаруаларға қолдау жоқ. Үкімет ауыл шарушалық өнімдерін өндірушілерге қолжетімді несие бере алмай отыр. Тіпті осы салаға бөлінетін субсидияны беру жүйесі жиі өзгеріп, шаруаларды әуре-сарсаңға салады. Шаруаларды қолдамай, отандық өнім деңгейін көтеру мүмкін емес дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Өздеріңізге мәлім, күні кеше өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырғанды. Ішкі нарықты қантпен қамту, қант алқабы үшін суырамалы жерлермен, қант шикізатымен қамтуды үкіметке жүктеген болатын. Бүгін журналистер алдында шыққан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері осы мәселені көтере келген екен.

Мәтні. Қазақстан әлемде егістік алқабы бойынша екінші орында. Бүгінде жердің 74 пайызы ауыл шаруашылыққа қолдануға тиімді. Халықтың 42 пайызы ауылда тұрады. Ауылдықтар мал бағып, егін салып, бау-бақшамен жан бағады. Яғни ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін мүмкіндік көп. Тіпті агрокешен ел экономикасының негізгі драйверіне айналуы тиіс. Алайда, сол деңгейге жете алмай отыр. Экономикадағы үлесі бар-жоғы 5-7 пайызды құрайды. Себебі, үкімет тарапынан ауыл шаруашылық саласына қолдау төмен дейді мамандар. Бүгінде елімізде 300 мың шаруа тіркелген. Осының әр қайсысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге айтрарлықтай себін тиігізіп отыр. Бірақ көлемін арттыра алмауда. Себебі, кәсібін дөңгелетуге техника, мал сатып алу, өнімін жеткізу сияқты қажеттілікке қыруар қаржы керек. Ал бізде фермерлерге қолжетімді несие берілмейді. Отандық банктер агросекторына бағыт жасауы керек дейді мамандар.

Қазір азық-түлік бағасы күйіп тұр. Бұл инфляцияға тікелей әсер етуде. Президент тілге тиек еткен қант тапшылығын шешу үшін, қант қызылшасының егіс алқабын кеңейту керек. Ішкі нарықты 50 пайыз және одан да көп өз қантымызбен қамту үшін 104 мың гектар суармалы жерді қант қызылшасына бөлу керек дейді шаруалар.

Осыға ұқсас талдауды құс шарушалығы бойынша да ұсынуға болады дейді олар. Егер шаруаларға мемлекеттік қолдау жасалса, нарықты отандық өніммен қамтып, импортқа тәуелділікті жою жоспары бар деп отыр кәсіпкерлер. Тағы бір проблема –азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін субсидиялау мәселесін бір жүйеге қою керек. Агробизенске 5-7 жыл ішінде мемлекеттік қолдау шараларын өзгертпейтін кепілдік керек.

Өкінішке орай ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған. Президент айтқандай, Қазақстанда 45 мың трактор мен 9 мың комбайн істен шыққан. Ал техника сатып алған фермерлер оның құнына қосымша 7 млн етңге утильалым төлейді. Бұған қоса 12 пайыз көлеміндегі қосымша құн салығы бар. Бұл ауыл шаруашылық техникаларын мүлде қолжетімсіз етіп отыр. Шаруалар бұл орайда ауыл шарушалығы техникасына салынатын утильалымды алып тастауды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.