Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАРУАЛАР УТИЛЬАЛЫМДЫ АЛЫП ТАСТАУДЫ СҰРАЙДЫ

c 08:27, 28/01/2022 c 941

0:00 / 0:00

Қазақстандық фермерлер, салалық одақтар мен қауымдастықтар утилизациялық алымды ауыл шаруашылығы техникасынан алып тастауды сұрайды. Бүгін елордада шаруалар баспасөз маслихатын өткізіп, өздерінің талап, ұсыныстарын жария етті.
Мәтін. Қазақстандық шаруалар ауыл шаруашылығы техникасы үшін төленетін утильалымдардың көлемі санаға сиымсыз дейді. Олардың айтуынша, комбайнды қолданғандар кәдеге жарату алымы үшін 13 миллион теңгеге дейін төлейді. Мұндай алымдар ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің дамуына тежеу болып отыр. Сондықтан шаруалар үкіметтен ауыл шаруашылығына пайдаланатын техникадан утильалымды алып тастауды сұрап отыр.

Шаруалар жалпы кәдеге жарату алымдарының көлемін төмендету қажет деп санайды.

Бұған дейін утильалымды жекеменшік «РОП оператор» компаниясы жинап келгенді. Соңғы бес жылда компания 700 млрд теңгеге жуық пайда тапқан. Елде орын алып жатқан өзгерістер барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен компанияның жұмысы тоқтатылып, бұл қызметті енді мемлекеттік орган «Жасыл Даму» атқаратын болды. Утильалымның көлемін қайта қарастыру да тапсырылған болатын. Алайда, мәлім болғандай ауыл шаруашылық техникаларына жеңілдік жасалмайды. Бұл жайында вице-премьер Роман Скляр айтқан болатын. Фермерлердің талабын тыңдаған индустрия министрлігінің өкілі әзірге нақты жауап айта алмады.

РУСЛАН ХИСАМУТДИНОВ – ҚР ИИДМ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «Мен олардың талабы бойынша ештеңе айта алмаймын. Ертең экология министрлігінде жұмыс тобының отырысы болады, сонда қарастырамыз. Ал жалпы Қазақстанда пайдаланып жатқан ауыл шаруашылық техникаларының 80 пайызының тозығы жеткен. 40 мыңнан астам трактор, 35 мың комбайн ескірген. Бұл 10 жылдан артық қолданып жатқан техникалар. Техниканы жаңарту керек»

Осылайша утильалымнан ұтылып отырған фермерлер жанайқайымыз жоғарғы жаққа дұрыс жетсе, артық шығыннан босатылып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі кедергілер жойылып, баға саясаты да түзелер еді дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.