0:00 / 0:00
Қазақстанда кедейлікті азайту үшін кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілерді жою керек. Адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлықтан қорғау және салық салуды реттеу қажет. Өкінішке орай, Қазақстанда бизнеске салық салу қиындап кетті, шамадан тыс есеп беру, шоттарға тыйым салу, сәтті жұмыс істеген кәсіпорындарды банкроттыққа жеткізу, кәсіпкерлерді қорқыту іскерлік климатқа қауіп төндіруде дейді депутат Азат Перуашев.Осы шараларға банк карточкаларынан төлемдерді жаппай бақылау да жатады. Мәжілісмен шағын және микро бизнес патенттерге толық ауысуы керек дейді. Ал депутат Ерлік Өмірғали үкіметтен елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнесмендерге несие төлеуді, салық салуды 90 күнге шегеруді сұрады.
Ақжолдықтар отандық кәсіпкерлерге жеңілдік беруді сұрап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың олигархтар табысын халықпен бөлісуі керек деген тапсырмасын қолдаймыз. Алайда, олигархтармен күресеміз деп отырып, шағын бизнесті салықпен қысудың қажеті жоқ дейді депутат Перуашев. Шағын ғана кәсібін айналдырып отырғандар бюджетке қол салған жоқ, одан да оффшорларда яхталар мен жеке ұшақтарын жасырғандармен, қазынадан миллиардтарды ұрлағандармен жұмыс істеңіздер деген кеңес берді үкіметке. «Ақ жол» фракциясының депутаттары премьер-министрге шағын бизнеске кассалық салық салудан және ҚҚС шегін төмендетуден бас тартуды ұсынды. Бұл орайда жүктелген салық салумен, яғни патенттермен ауыстыру қажет деген ұсынын алға тартты. Азат Перуашевтің айтуынша, салық органдары бір жыл ішінде кафе немесе шеберхана қанша төлеуі керек екенін тағайындаған кезде, кәсіпкер мемлекеттен мұндай патентті сатып алады да, содан кейін ешкім бұл бизнеске қол тигізбейді, оны тексерулерімен, есептерімен және айыппұлдарымен қайтармайды, кассалық чектерді ашық деректермен тексермейді. Осылайша, миллиондаған адам бюрократиясыз өз ісін ашып, отбасын асырап, басқаларға жұмыс бере алады. Бұл елде кедейлікті азайтуға мүмкіндік береді.
АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Шағын және микро бизнестің патенттерге толық ауысуы – жұмыспен қамту бағдарламасы әлі жүзеге асыра алмаған жұмыс орындарын ашады. Осыған дейінгі бағдарламаларға миллиардтаған қаражат жұмсалды, алайда ақша ұрланып, нәтиже болмады. Патенттер арқылы нағыз жемқорлар мен олигархтарды ұстап, елге халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша 160 млрд долларға тең ұрланған қаражатты немесе Қазақстанның бүкіл жылдық ЖІӨ-ін қайтаруға тиіс салық қызметкерлерінің үлкен тобы босатылады».
Ақжол партиясы бұған дейін де Үкіметке Грузияның табысты реформаларының үлгісі бойынша «Экономикалық еркіндік актісін» қабылдауды ұсынған болатын, Алайда, ол кездегі министрлер кабинеті бұл ұсынысқа құлақ аспаған. Ендігі үміт жаңа үкіметте. Сондай-ақ, ақжолдықтар қаңтар оқиғаларында зардап шеккен бизнесмендерге несие төлеуді, салық салуды 90 күнге шегеруді сұрады. Сондай-ақ, депутат Өмірғалидің айтуынша, кәсіпкерлер тарапынан барлық төлемдер жасалғанына қарамастан, сақтандыру компаниялары зардап шеккен бизенске төлем жасаудан бас тартып жатыр. Тәртіпсіздіктер кезінде бизнес материалдық шығынға батты. Ғимаратты қиратылып, тауарлары ұрланды. Көбінде сақтандыру компанияларымен тауарларын сақтандыру бойынша жасалған келісімдерде лаңкестік әрекет немесе әлеуметтік жағдай орын алғанда төлем алу көрестілмеген. Енді бизнесмендер қыруар ақша төлеп, сақтандырған мүлігі үшін сақтандыру төлемін ала алмай қалуы мүмкін.
ЕРЛІК ӨМІРҒАЛИ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Қазір кәсіпкерлерге анықтама емес, сақтандыру компанияларына талап қою керек. Әртүрлі сылтаулар айтпай, бизнесті қолдау қажет. Онда кәсіпкерлер кезінде не үшін сақтандыру компанияларына қыруар ақша төлеп, мүлігін сақтандырды?»
Сондай-ақ, лаңкестік әрекеттер кезінде қиратылған ғимараттарын қайта жөндеу үшін кәсіпкерлерге процентсіз қарыз берілуі тиіс деген ұсынысын алға тартты ақжолдықтар.