Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"SET SAIL PARК" ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

c 18:05, 22/07/2021 c 1627

0:00 / 0:00

Облыс орталығында "Сет Сейл отбасылық паркі" ашылмақ. Жанұямен таза ауада тынығуға арналған демалыс орны- инвестициялық жоба. Қазіргі таңда демалыс паркі дайындықтарын пысықтап, меймандардың көңілінен шығатын демалыс ұйымдастыру үшін барын салуда.

Бұл- Орал қаласында жаңадан бой түзеп жатырған, қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлайтын демалыс орны. Жаңа нысан "Сет Сейл отбасылық паркі" деген атауға ие. Отбасылық демалыс паркі өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған инвестициялық жоба. Су жаңа парк санаулы уақыт ішінде салынып, қазір соңғы дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Демалыс орынында жанға жайлы жағдай жасалған. Алты адамға арналған үйлер бар. Сол жерде ауқаттанып, демалуға болады. Және мұнда 15-25 адамға арналған вип залдар да жұмыс істейді. Сондай-ақ караокемен ән шырқауыңызға болады. Енді су жағасындағы демалыс турасында айтсақ. Отбасылық паркте Шаған өзенінің жағасында суға шомылып, күнге қыздырынуға болады. Тіпті қайықпен саяхаттауға да жағдай жасалған. Ал балаларға арнайы суға түсуге арналған бассейн бар. Таза ауада демалып, суға түсіп, күнге қыздырынып отбасылық паркте жүрек жалғауыңызға жағдай жасалған. Мұнда арнайы фуд корд жұмыс істемек. Салқын сусындар мен ыстық тамақ, жүрек жалғар тіске басардың түр-түрін сатып алуға болады.

"SET SAIL" отбасылық демалыс саябағы - бұл белсенді, жайлы, пайдалы демалыс ұйымдастыруға тапсырмас орын. Демалыс орны туралы қосымша ақпаратты 8-771-300-22-25 нөміріне хабарласып біле аласыздар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.