Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕНАТОРЛАР АНТЫ

c 12:11, 27/01/2023 c 139

0:00 / 0:00

Бүгін Парламент Сенатында жаңадан тағайындалған және сайланған депутаттардың ант беру рәсімі өтті. Сондай-ақ, жоғарғы палата Президент ұсынған Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, оны қайта Сенат төрағасы қылып сайлап алды. Сенаттағы жаңалықтар жайында тілші тарқатады.

Парламент Сенаты толық жаңарып, өз жұмысын бастады. Ең алдымен палата төрағасын сайлап алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатқа келіп палата төрағалығына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Президент ұсынған үміткерді сайлау жасырын дауыс беру арқылы өтті. 50 депутат дауыс беру, бірауыздан Әшімбаевтың кандидатурасын қолдады. Осылайша Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы лауазымына қайта жайғасты.

Әшімбаев бұл жылы орында 2020 жылдан бері отыр. Ол биыл тағы да Президент квотасымен өткен еді. Ал бұрынғы жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа вице-спикердің орны бұйырды. Асанов та сенатқа Президенттің тағайындауымен келгенін еске салғымыз келеді. Одан әрі жаңадан сайланған, тағайындалған сенаторлардың ант беру рәсімі өтті. Жоғарғы палата депутаты болуы бақыты бұйырғандардың ант беру рәсімінде қобалжығаны байқалады. Бірі біссімміләсін айтып бастаса, енді бірі Ата заңға қолын қоюды ұмытып кетіп жатты.

Бұл жолы бас-аяғы 19 сенатор адал қызмет етуге ант берді. Оның нәтижесін уақыт көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.