0:00 / 0:00
Кеше әлеуметтік желіде Қазақстан Сбер платформасынан бас тартатын болды деген ақпарат тез тарады. Жаңалықтың жаршылары қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның Фейсбуктегі жазбасына сүйене сүйіншілеген болатын. Алайда, бүгін Сенаттың дәлізінде сұхбат берген Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Сбербанкпен арадағы бұл меморандум аясында жұмыс жалғасып жатқанын айтты. Яғни әлеуметтік желіді желдей есіген ақпарат шындыққа жанаспай шықты. Ал осы жазбаның авторы Мұхтар Тайжан «Сбербанкпен меморандум бұзылды деп» жазған жоқпын деп ақталды. Ол тек айтарлықтай өзгеріс енгізілді яғни жобаға бөлінетін 500 млн АҚШ доллары отандық IT мамандарға беріледі деп жаздым деп отыр. Қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі жазбам бұрмаланып кетті дейді. Елді дүрліктірген Сбер келісімі жайында Әселім Қалкен толығырақ баяндайды.
Сбер дауы әлі де тыйылар емес. Қазақстан Үкіметінің цифрлық платформаны құруға байланысты Ресейдің «Сбербанкімен» келісілген меморандумы қазақ қоғамында резонанс туғызып отыр. Әлеуметтік желіде цифрлық даму министр Бағдат Мусинді жақтағандар мен даттағандар екіге бөлінді. Ал министр болса, қолданыстағы электронды үкіметті жаңарту үшін жаңа Сбербанктің платфомасын аламыз дейді. Ал оны құрастыру, қажетті платформаны құру – қазақстандық мамандардың жұмысы. Жалпы бұл жобаға 500 млн доллар қарастырылуда. Алайда, кеше әлеуметтік желіде Қазақстан Сбердің платформасынан бас тартатын болды деген ақпарат тез тарады. Жаңалықтың жаршылары қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның Фейсбуктегі жазбасына сүйене сүйіншілеген болатын. Бірақ бүгін Сенаттың дәлізінде сұхбат берген Цифрлық даму министрі Сбербанкпен арадағы бұл меморандум аясында жұмыс жалғасып жатқанын айтты.
Яғни әлеуметтік желіді желдей есіген ақпарат шындыққа жанаспай шықты. Ал осы жазбаның авторы Мұхтар Тайжан «Сбербанкпен меморандум бұзылды деп» жазған жоқпын деп ақталды. Ол тек айтарлықтай өзгеріс енгізілді яғни жобаға бөлінетін 500 млн АҚШ доллар отандық IT мамандарға беріледі деп жаздым деп отыр. Қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі жазбам бұрмаланып кетті дейді.
Министр Мусиннің сөзінен түсінгеніміз, бұл меморандум аясында құрылған сарапшылар комиссиясы Сбер платформасын қолдануда аянбай жұмыс істейтін сияқты. Ашық кодтары бар платформа Сбербанктен сатып алынады.Ал халықты алаңдатып отырғаны Ресейдің өнімін пайдалана отырып, қазақстандықтардың 19 миллион мәліметі бар электронды порталдағы ақпараттар қолды болмай ма ? Цифрлық даму министрі ешбір мәлімет сыртқа шықпайды деп сендіреді.
Бүгінде Қазақстанда 690 мемлекеттік қызмет түрі цифрланған. Яғни елде электронды үкімет жұмысы жүріп жатыр. Қазақстандықтар үйден отырып, қажетті қызмет түрін онлайн түрде ала береді. Енді Цифрлық даму министрі элеткронды қызмет түрлерін 1788 –ге жеткізуді мақсат тұтып отыр. 400 ақпараттық жүйені бір технологияға келтіру мақсаты тұр. Дегенмен, қазақ қоғамы үкіметтің бұл бастамасына сақтықпен қарайды.