Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖАНДАНУДА

c 19:29, 30/03/2022 c 540

0:00 / 0:00

Қазақстан халық партиясының төрағасы ауысты. Партия кезектен тыс съезін өткізіп, Ермұхамет Ертісбаевты төраға етіп сайлап алды. Тәуелсіздік алған жылдарда Президенттің кеңесшісі, Мәдениет министрі қызметтерін атқарды. Бірқатар елде елші болып жұмыс істеді. Енді Жаңа Қазақстанды жасақтап жатқанда Ертісбаев билік партиясынан кетіп, өзін оппозициялық партия санайтын қызылдардың қатарына қосылды. Ертісбаевтың Қазақстан халық партиясына келуімен не өзгереді?
Жаңа Қазақстанды жасақтап, сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу қолға алынып жатқанда елдегі саяси күштер жандана бастады. Себебі, парламентте партия санының көбірек болуына жол ашылуда. Сондай-ақ, партия мүшелерінің саны да қысқарды. Бүгінде партия құрамын деп ұрандатып жатқандар да баршылық.

Тіпті билік партиясы атауын өзгертіп, NurOtan-нан Аmanat-қа ауысты. Ал қазір Парламенттегі үш партияның бірі-Қазақстан Халық партиясы да көшбасшысын ауыстырып, саяси аренада танымал саясаткерлерді қатарына шақырып жатыр. Енді Қазақстан Халық партиясын қазіргі депутат Айқын Қоңыров емес, Ермұхамет Ертісбаев басқарады. Жақында партия кезеткен тыс съезін өткізіп, осындай шешім қабылдады. Ал Қоңыров Ертісбаевтың орынбасары болып қалды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері билікке жақын, тұңғыш президенттің қасында кеңесшісі болып жүрген, министр міндетін атқарып, бірқатар елде елші болған Ертісбаев енді қызылдардың қатарында.

Қазақстан халық партиясын таңдаған Ермұхамет Ертісбаев алдағы Президенттік сайлауға түсуі де мүмкін.

Ал Ертісбаевтың келуімен партияның ұстанымы да өзгере ме? Дегенмен, өздерін оппозициялық партия санайтын қызылдар әлеуметтік тепе-теңдікті орнатуды ұстанатын райымыздан қайтпаймыз деп отыр. Бүгінде елімізде 7 саяси партия тіркелген. Оның тек үшеуі ғана Парламентте отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.