Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«САУДА КЕДЕРГІЛЕРІН ЖОЮ КЕРЕК»

c 16:26, 28/10/2022 c 1069

0:00 / 0:00

Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінің үкімет басшыларын сауда-саттық саласындағы кедергілерді жоюға шақырды. Ел астанасында ТМД елдерінің үкімет басшыларының кеңесі өтіп жатыр. Осы кеңес мүшелерімен кездескен Тоқаев экономикалық серіктестікті кеңейту үшін оған жағдай жасау керек деді. Мемлекет басшысы күннен-күнге шиеленісіп жатқан геосаяси ахуал, әлемдік экономикадағы тұрақсыздық аясында ТМД елдері үшін бірқатар тиімді шара қабылдауды ұсынды. Яғни кедергілерді жойып, жауапкершіліктен қашпай, қолайлы тарифтік шарттар қалыптастырып, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету қажет деді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті үкімет басшыларын ТМД елдері арасындағы сауда кедергілерін жоюға шақырды.

Қазақстан биыл ТМД-ға төрағалық етіп отырғандықтан үкімет басшыларының жиыны Астанада өтті. Премьер-министрлер әлемдік экономикалық дағдарыс барысында жағымсыз үрдістерді төмендету жолдарын талқылады. Білім беру, медициналық-әлеуметтік, азаматтық-құқықтық сипаттағы көптеген мәселелер айтылды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында мекемелер қызметтерінің еркін саудасы, қызметтер мен инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім жобасында жұмысты аяқтау қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Оған келесі отырыс барысында қол қойылатын болды. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ескерту және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім қабылданды.ТМД үкімет басшыларының келесі бас қосуы Сочи қаласында өтетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.