Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САТЫБАЛДЫ БОСТАНДЫҒЫН САТЫП АЛАДЫ МА?

c 00:22, 12/12/2023 c 150

0:00 / 0:00

Олигарх Қайрат Боранбаев сияқты Қайрат Сатыбалды да мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе? Бұл сұрақты тілшілер прокурорға қойдық. Себебі, экс-Президенттің інісі Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға өтініш беріп жатқаны мәлім. Яғни қолдағы байлығын пайдаланып Сатыбалды да мемлекетке қомақты қаржы аударып, биліктің өтеуін беріп құтылуы мүмкін ғой. Алайда Шындалиев бұл болжаммен келіспейді. Прокурор кез келген сотталған адам мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы екенін айтады.

ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Ешқандай "өтеуін беріп құтылу" деген сөз жоқ, бірден айтайын. Бірақ ол өтініш беріп жатыр. Әрбір сотталушының өтініш беру құқығы бар, түсінесіз ғой? Бізде кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны, террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарға ғана шектеу бар. Қалған барлық сотталғандар осындай өтініш бере алады"

Прокурор Шындалиев бұл арызды сот қарайды, оны бергені бірден босатылатынын білдірмейді. Сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдауы да, қабылдамауы да мүмкін. Сот тәжірибесінде өтініштен бас тарту жиі кездеседі, - дейді. Яғни бұған дейін 300 миллион доллар беріп, шартты түрде бостандыққа шыққан Назарбаевтың құдасы Боранбаев сияқты Қайрат Сатыбалдының да бостандық үшін жиған-тергенін салатыны сөзсіз ғой. Бірақ прокурор айтқандай оның өтініш қабылдана ма, жоқ па? Сот шешімінен кейін біле аламыз. Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ал отыз жылда ұрланып, шетел асқан, аспағанын елде кәсіп қылып айналдырып отырғандардың заңсыз актвитерін қайтару мәселесі не болып жатыр? Прокурор 1 триллонға жуқы заңсыз ативтер қайтарылды деп отыр.

Өздеріңізге мәлім, оффшорда жатқан заңсыз капиталды қайтару үшін прокуратура жанынан арнайы комитеттің құрылғанына екі айдан асты. Бірақ комитеттің жұмысының нәтижесін көрмей отырмыз деп сынаған болатын депутаттар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.