0:00 / 0:00
Ағымдағы жылы сапасыз нтернет үшін байланыс операторларына 1 млрд 264 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты. Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, соның 4 733-де кең жолақты мобильді интернет бар. 1 628 елді мекен – 4G-ге қосылса, 3 105 елді мекен 3G технологиясымен қамтамасыз етілген. Ауылдар интертенке мыс сымымен қосылған, ал 26 пайызы оптикамен. Мыс кабелі дегеніміз Кеңес одағы кезінде тартылған сымдар. Оны ауыстыру және жаңғырту қажет, - дейді Мусин. Ал халық саны 260 мыңнан асатын 1673 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған.
Цифрлық даму министрінің айтуынша, әрбір байланыс технологиясы үшін ең төменгі сапа параметрлері белгіленген. Мысалы, 3G үшін – секундына 1 Мбит, 4G үшін - секундына 5 Мбит. Осы механизмге сәйкес, бекітілген сапа көрсеткіштерін бірінші рет бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін көтерілді, егер бұл талап қайта бұзылса, 200 АЕК-тен 15 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бағдат Мусин бұрын нашар интернет үшін салынған айыппұл көлемі аз болған дейді. Сол себепті де операторлар жауапкершілікті сезінбей келді. Енді министрлік айыппұлды өсіріп, операторлардың өз инфрақұрылымына жауапкершілігін арттырамыз деген ойда.
Қаладағы сапасыз интернет мәселесін толық шеше алмай отырған цифрлық даму министрлігі, ауылдағы интернетті қалай қамтып жатыр? Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, соның 4 733-де кең жолақты мобильді интернет бар. Ауылдар интертенке мыс сымымен қосылған, ал 26 пайызы оптикамен. Мыс кабелі дегеніміз Кеңес одағы кезінде тартылған сымдар. Оны ауыстыру және жаңғырту қажет, - дейді Мусин. Ал халық саны 260 мыңнан асатын 1673 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған. Депутаттар бұл проблема тек ауылда ғана емес, туристік инфрақұрылымдарда да бар дейді. Туристердің қауіпсіздігі үшін байланыс қажет екені сөзсіз. Мәжілісмен Жаңбыршинді бір сұраққа асығып, аптығып сөйлеп, ұзақ жауап берген Мусиннің әрекеті ашуландырды.
Цифрлық даму министрінің мәліметінше, қазір елде интернетті пайдаланушылар саны 90,9 пайыз болған. Интернетті пайдаланушылар саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді. Бұл деректер инфрақұрылымдық коммуникацияларға жүктемені арттырып отыр.