0:00 / 0:00
АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады. Бұл жайында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді. Бүгін Сыртқы істер министрілігінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесу өткен еді. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары өз кезегінде біздің елде орын алған Қаңтар қасіретіне қатысты пікір айтты. Оның айтуынша, АҚШ қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдайды.
Қазақстан мен АҚШ адам құқығының сақталуы, демократиялық реформаларға қатысты мәселлерді тақылады. Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, елде мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауда алға жылжушылық байқалады. Әлеуметтік көмек, мүгедектердің жүріп-тұруына жағдай жасау мәселелері қамтылған. Тіпті зағип жандардың сайлауға қатысып, дауыс беруіне де жағдай жасалуда. Қазақстанға келген АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары қаңтар таргедиясынан кейінгі қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдайтынын айтты. Яғни АҚШ Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» орнатуды көздеген бастамасын құптап отыр.
УЗРА ЗЕЯ – АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Біздің келіссөз нәтижелі болды. Мен 16 наурызда жарияланған Тоқаевтың саяси күн тәртібін АҚШ-тың қолдайтынын растағым келеді. Егер ол жүзеге асса, бұл Қазақстанның барлық қазақстандықтар үшін әділетті елге айналуына көмектеседі. Орталық Азияны ілгерілету жөніндегі біздің мақсаттарымызда Қазақстанның маңызды екенін айтқым келеді»
Сондай-ақ, Зея ханым Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты сөз қозғады. Халықаралық дағдарысқа апарған бұл жағдай, Ресейге қарсы санкцияларды үдетті. Бұған қатысты халықаралық қауымдастықтың жедел жауабын көрдік. Олар одақтастарға кері әсерді азайтуға бағытталған. АҚШ үкіметі көптеген қадамдар жасады, соның ішінде серіктестерімізге қарсы санкциялар. Біздің санкцияларымыз президент Путинге және Ресей Федерациясындағы кейбір тұлғаларға қарсы бағытталған, бұл халықаралық саясатты тұрақсыздандыруға мүмкіндік берді, - деді ол. Ал көршіге тиген қамшының шеті Қазақстанды да шарпып өтетіні сөзсіз.
АҚАН РАХМЕТУЛЛИН – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Мәселе шынымен де өте күрделі, байыпты. АҚШ Ресейге, бірқатар тұлғаға теңдессіз санкция салып отыр. Біздің ел бұл санкциялардың әсерінен тысқары қалмайтыны мәлім. Мұны қазірдің өзінде баға қалыптасу саясатынан, дүкендердегі ахуалдан байқап жүрсіздер. Өз кезегінде Америкалық тарап нарықтарымыздың, экономикамыздың өзара тығыз байланысты екенін түсініп отыр және олар санкциялардың қазақстандық экономикаға әсерін барынша жеңілдетуге, төмендетуге тырысуда. Бұл бағытта жұмыс одан ары да жалғаса береді»
Рахметуллиннің айтуынша, Сыртқы істер минситрлігі қызығушылық танытқан тараптармен келіссөздің бірнеше раундын ұйымдастырған. Кеңесу барысында Қазақстан жағына санкциялар кезінде қандай шаралар қолдану керектігі туралы айтылған.