0:00 / 0:00
Назарбаевтың дәуірі жүріп тұрған кезінде генерал шеніне дейін өсіп, елдегі ең маңызды орган- Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары болған Самат Әбіштің де сот алдына келіп, жауап беруіне тура келіп отыр. Өткен жылдың қыркүйегінде бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу басталғанын хабарлағанды. Ол "қаңтар оқиғасы" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Қаралы қаңтар оқиғасы орын алғанда ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін үйлеріне қайтарып жіберген деген ақпарат шыққанды. Әбіштің үстінен қозғалған істің мұнымен байланысы бар ма, жоқ па? Оны енді сот ісі кезінде біле жатармыз. Ал экс-президенттің інісін жауапқа тартуды құзырлы орган қаңтар трагедиясына 1,5 жыл толғанда ғана қозғап отырғаны да сұрақ тудырады. Не керек, іс қозғалып, тергеу жүріп, енді Самат Әбіштің ісі сотқа жолданып отыр деп хабарлайды бас прокуратура. Айта кету керек ол қамауға алынған жоқ. Тек ешқайда кетпеу туралы қолхат алған. Өздеріңізге мәлім, қаңтарға қатысты сотты болған генерал Серік Күдебаев қашып кетіп, әрең қолға түскен болатын. Басына іс түскенде қашуды әдет қылған талай шенділерді білеміз. Бұған дейін бас прокурордың екі бірдей орынбасары экс-президенттің інісінің қашып кетпей, сот алдында жауап беретініне сенімді екендерін айтқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды. Артынша оларға сотталды. Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Мәсімовтің орынбасары болған Самат Әбіш қызметінен босатылды, дәл сол кездері оның үстінен қылмыстық іс қозғалған жоқ еді. Құзырлы органның хабаралуынша, бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша Әбіш С.С. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Іс сотқа жіберілді. Ал осы баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе қандайда бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылады. Нақты Назарбаевтың бауырын қандай жаза күтіп тұрғанын алдағы уақытта сот шешеді.