Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Салық ауыртпашылығы

c 18:37, 02/10/2019 c 984

0:00 / 0:00

«Ақ Жол» партиясының Парламенттегі фракциясы Үкімет басшысы Асқар Маминге салық жүйесін түп-тамырымен реформалауды ұсынды. Депутат Перуашев өз сауалында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлікті  қолдау мақсатында шағын және микробизнесті алдағы үш жылда табыс салығынан босату туралы тапсырмасын назарға алды. Бұл орайда, Ақжолдықтар салық жүйесін толығымен өзгертіп, салалар бойынша салық көлемін төмендетуді ұсынды.

Қазақстанның салық жүйесін түп-тамырымен реформалау кезеңі жетті. Бұл жайында мемлекет басшысы да өз жолдауында Үкіметке тиісті тапсырманы жүктеген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және микробизнесті үш жыл бойы салықтан босатуды тапсырды. Бизнестің жоғын жоқтап жүретін Ақжол партиясының депутаттары Президенттің осы тапсырмасын негізге ала отырып, басым салалар бойынша салық ауыртпашылығын жеңілдетуді ұсынып отыр. Мәжілісмен Перуашев Үкімет басшысына жолдаған сауалында, қазынашылдық органдар өз саласында түбегейлі қадам жасамай отыр, олар ескі жолмен жүргенді жөн санайды деді. Салық мөлшерлемесі шарықтап тұрған кей салаларда бизнес дами алмай, көлеңкелі экономикаға кетуге мәжбүр екенін айтады ол. Мысалы, салық органдарына өз қалауы бойынша есеп-шоттардың күшін жоюға мүмкіндік беру, жалған кәсіпкерлікке итеру болып табылады дейді депутат. Отандық бизнес үшін бүгінгі салық мөлшерлемесі еңсені басып отырғанын айтылды. Сол себепті, қазақстандық кәсіпкерлер өндіріс ашқаннан гөрі, шетелден тауар әкеп, сатқанды жөн көреді. Бұл орайда Азат Перуашев  өзіміз ұмтылып отырған Дамыған елдердегідей салық мөлшерлемесін бекіткен жөн деп санайды.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты: «Мемлекет басшысының салық жүйесін түбімен ерформалау туралы тапсырмасына орай, «Ақ жол партиясы» басым салалар бойныша қосымша құн салығын төмендетуді ұсынады.  Мұндай механизм дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Испания, Швеция, Германию, Ұлыбритания, Австрия, Литва және тағы басқа елдерде қосымша құн салығының жалпы мөлшерлемесі 20-25 пайызды құрайды.  Ал салалар бойынша айтсақ, ауыл шаруашылық өнімдері  – 0%, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп – 3-5%, машина жинау, тұрғын үй құрылысы, құрылыс материалдары, IT-технология -  6-8% құрайды».

Ақ жолдықтар бұл мәселені 2013 жылдан бері көтеріп келе жатыр. Алайда, Үкімет тарапынан қозғалыс болмаған. Премьер-министрге жолдаған кезекті сауалында фракция депутаттары «басым салалар бойынша қосымша құн салығы төмендетілсе,  бұл салықтық және экономикалық реформаны сәтті жүргізу болып табылар еді»- деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.