Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУДЫҢ АЛДЫН-АЛА НӘТИЖЕСІ

c 09:40, 22/11/2022 c 1322

0:00 / 0:00

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы аяқталды. Қазақстандықтар алдағы жеті жылға ел тізігін ұстайтын басшысын таңдап алды. Ендігі алдын-ала нәтижелері жарыса шығып жатыр. Ал Exit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бұл додада 82 пайыздан астам дауыспен жеңіп шықса, Орталық сайлау комисиссияның алдын-ала нәтижесінде де Тоқаев бірінші орынға шықты. Оған сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берген. Ал «бәріне қарсы» бағаны бұл сайлауда екінші орынға шықты. Қалған бес кандидат екі пайыздан астам дауыспен шектелді.

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс өткен президент сайлауының алдын-ала нәтижесін жариялады. Комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ел өңірлері мен шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды. Қазақстандықтардың басым бөлігі Қасы-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.

Ал қалған бес кандидат- Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берген. Айта кету керек биылғы Президент сайлауындағы жаңашылдықтың бәрі –қазақстандықтарға «бәрінеқарсымын» баған пайда болды. 460 мыңнан астам сайлаушы осы бағанды таңдаған. Бұл дегеніміз сайлау нәтижесі бойынша «бәріне қарсы» дауыс берген баған Тоқаевтан соң екінші тұр.

Жалпы еліміздегі сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құраса, оның 8 млн 300 мың 46-сы яғни 70 пайызға жуығы дауыс берген. Ал Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауын бақылаған халықаралық бақылаушылардың бағасына келсек. Тмд елдерінің бақылаушылары үшін Қазқстандағы сайлау мереке сияқты өткен. Ән-күй ойналып, тамақ таратылды дейді олар.

СЕРГЕЙ ЛЕБЕДЕВ – ТМД ЕЛДЕРІ МИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ «Біз сайлау учаскелеріндегі керемет атмосфераны байқадық. Сайлау мереке сияқты өтті. Музыка ойналып, тамақ сататын орындар жұмыс істеп тұрды. Қазақстандықтар даусы беруге отбасымен, балларымен келдіп жатты.Позитивті аңғардық»

Ал Еуропалық бақылаушылардың пікіріне келсек.

УРСУЛА ГАЦЕК - ЕҚЫҰ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАР ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БЮРОСЫНЫҢ МИССИЯ ЖЕТЕКШІСІ «Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік жетіспеді. Сайлау туралы нормативтік құқықтарды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкестендіру қажет екенін көрсетті».

ОСК мәліметінше, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылауында ұстады. Ал Exit poll нәтижесі бойынша Тоқаев бұл додада 82 пайыздан астам дауыспен жеңіп шықты. Ендігі сайлауда көп дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевты көршілес елдердің басшылары жарыса құттықтап жатыр. Негізінде сайлаудың ресми нәтижесі екі күннен кейін белгілі болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.