Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУДАҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА КІМ ЖАУАПТЫ?

c 20:33, 27/03/2023 c 131

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауында жәшіктерге артық бюллетеньдерді салып жіберу фактілері болғанын мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім 19-ы наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен маслихат депутаттарын сайлауда баума-бума дауыс беру бюллетеньдерін жәшікке салып жатқан бейне түсірілімдер тарады. Мұндай бұзушылықтар бірнеше сайлау учаскесінде орын алғанды. Сайлауда жеңіске жете алмай, дауысым ұрланды деп даурыққан үміткерлер шағымдарын допша домалатып жатыр. Бұл бұзушылықтар үшін кім жауап береді?

Сайлау күні орын алған бұзушылықтар жайында әлеуметтік желіде қаптап кеткен бейнетүсірілімдер соның дәйегі болды. Бума-бума дауыс беру бюллетеньдерін жәшікке салып жатқан деректерді көрдік. Үміткерлердің сенімді өкілдері дауыс беру уақыты аяқталған соң, хаттаманы ала алмай жатырмыз деп шағымданғаны тағы бар. Тіпті бір отбасы мүшелері үшін дауыс бермекші болғандар да тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбідорвтың келтірген мысалына келсек, Қарағанды облысындағы №279 сайлау учаскесінде артық бюллетеньдерді жәшіктерге салып жіберіп жатқаны көрсетілген видео жарияланды. Бұл іс зерттелді, прокуратура органдары онымен айналысып, комиссия төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің бір бақылаушысына айыппұл салынды. Сонымен қатар комиссия төрағасы дереу жұмыстан шеттетілген. Алматы облысының №455 сайлау учаскесінде де осындай оқиға тіркеліп, хатшы мен учаскелік комиссияның мүшесіне айыппұл салынып, олар да жұмыстан шеттетілген. Тізе берсек, өңірлерде мұндай өрескел бұзушылықтар көп орын алды. Сайлауда жеңіске жете алмай, дауысым ұрланды деп даурыққан үміткерлер шағымдарын допша домалатып жатыр.

Дей тұрғанымен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бұл сайлау әділ өтті деп мәлімдеді. Себебі, орын алған бұзушылықтар жалпы сайлаудың заңды өткеніне айтарлықтай әсер ете алмайды.

Комиссия мүшелерінің айтуынша сайлау науқаны қашанда пікір-таластарға толы. Сайлау нәтижесіне көңілі томайтындар міндетті түрде болады. Бұл халықаралық тәжірибеде қалыптасқан жағдай.

ОСК мәліметінше, жалпы сайлау күні құқық бұзушылық жасаған 42 адам жауапқа тартылды. Заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімдерімен олардың 19 мүшесі дереу шеттетілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.