Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТТІ МЕ?

c 09:37, 24/11/2022 c 1101

0:00 / 0:00

Кезектен тыс Президент сайлауы әділ өтті ме? Бұл сұраққа еліміздегі сайлау науқанын бақылаған халықаралық сарапшылар жарыса жауап беріп жатты. Соның ішінде (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларының сыни пікіріне еліміздің сыртқы істер министрлігі бірден жауап қатты.

Еске сала кетейік, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бросының миссия жетекшісі Урсула Гацек Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік жетіспеді. Сайлау туралы нормативтік құқықтарды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкестендіру қажет екенін айтқанды. Еуропалық ұйымның бұл бағасына еліміздің сыртық істер министрлігі бірден жауап қатқан еді. ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары бросының мәлімдемесінің мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді және бұл міндетті түрде бізбен ескеріледі делінген жауабында

РОМАН ВАСИЛЕНКО – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро берген баға ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдайтын немесе қабылдамауы мүмкін ұсынымдар санатына жатады. ЕҚЫҰ аясында бірқатар институт жұмыс істейді. Сондай институттардың бірі – Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро. Бұл орган ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің барлығында әлі бекітілмеген белгілі бір ережелер негізінде жұмыс істейді».

Еуропалық ұйымның сайлауға қатысты сыни бағасына қатысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өз пікірін айтты. Спикер, бұл әділ өткен сайлау және сайлауға халықарлық ұйымдардан гөрі, халықтың берген бағасы маңызды деді.

Президенттік сайлауды өткізіп алдық. Енді алда мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлау тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлау өтетін мәлімдегенді. Әзірге бұл сайлаудың нақты қашан өтетіні белгісіз. Ереже бойынша Тоқаев қазіргі жетінші шақырылымды таратып, сайлау күнін жариялауы керек. Қошановтың айтуынша, бұл шақырылым жаңа жылды елмен бірге қарсы алады.

Осылайша, қазақстандықтар жаңа жылды қайта сайланған жаңа президентімен қарсы алып, наурызды жаңа парламентпен атап өтуі де мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.