Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сабақ тоқтатылды

c 16:56, 24/01/2019 c 875

0:00 / 0:00

“Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін температура таңертең 29 градус аязды көрсетті. Соған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, бірінші ауысымда бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болмайтынын ескертті». Осыған орай түсірілім тобымыз білім ошақтарында болып жағдайға қанық болды. Айта кетейік, қыс мезгілі айы басталғаннан бері өңірде бірде қатты аяз, бірде боран, көктайғақ болып, ауа райы қолайсыз болып тұр. Деседе биылғы оқу жылы бойынша алғаш рет бірінші ауысымдағы сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Осы орайда шаһардағы білім ошақтарына аяқ басқан едік. Солардың бірі- №30 Хиуаз Доспанова атындағы жббом. Мектеп директорының айтуынша ерте ақпарат таратылуы себепті бір де бір оқушы аязды таңда мектепке келмепті. Оқушылар оқуға келмегенімен, мұғалімдер күнделікті қызметте. Еске сала кетеміз екінші аусымдағы білім алушыларға сабақ тоқтатылған жоқ. Өткен жылы ауа райының қолайсыздыған байланысты наурыз айында ғана бір күн сабақ болмаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.