Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«RESPUBLIKA» ПАРТИЯСЫНЫҢ БІРНЕШЕ ҮМІТКЕРІ ТІРКЕУДЕН ӨТПЕДІ

c 11:49, 16/02/2023 c 171

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы Respublika партиясының 23 үміткерін тіркеуден өткізді. Respublika партиясы партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына 25 кандидатын ұсынған болатын. Алайда екі кандидат – Дархан Иманашев пен Олжас Сұлтанов Орталық сайлау комиссиясына оларды партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш берген. Айта кетейік, осы партияның тең төрағасы бірмандаттық жүйемен сайлауға түсіп жатқан Сырымбек Тау да тіркеуден өтпей қалды.

Жаңадан құрылған, саяси аренада өздерін қылшылдаған жастар партиясы ретінде таныстырып жүрген Respublika партиясы да ОСК тіркеуінен өтті. Бірақ әу баста ұсынылған 25 үміткері түгел тіркелмеді. Партиялық тізімнен екі кандидаты өз еркімен шығып қалды. Партия басшысының айтуынша екі үміткер -Дархан Иманашев пен Олжас Сұлтанов Орталық сайлау комиссиясына оларды партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш берген. Олардың жұбайлары Астанаға көшуге дайын емес екен. Сайлау өтпей жатып, бұл азаматтар депутаттықтан орын бұйыратынына сенімді болғаны ма?

Сондай-ақ, «Respublika» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырылды. ОСК –ң тексеруінен кейін заң талабына қатысты Сырымбек Таудың Қазақстанда 10 жыл тұрақты тұрмағаны анықталды.

Осылайша партиялық тізімге 23 адамы енді. Оның 8-і – әйелдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар. Дәл сайлаудың алдында пайда болған «Respublika» партиясы Ақорданың жобасы деген пікірлер де айтылып, жазылып жатты. Бірақ өздерін «тұлға» санайтын республикалықтар бұл пікірмен келіспейді.

«Respublika» партиясы парламенттік сайлау болады дегенде жасақталып, әділет министрлігінің тіркеуінен тез өткені есімізде. Ал қаншама жылдар бойы саяси партия ретінде тіркеуден өте алмай жүргендердің барын ескерсек, жастар партиясы пысық болып шықты. Осымен алдағы сайлауға қатысуға ниет білдірген жеті саяси партияның кандидаттар тізімі түгел тіркеуден өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.